30
қаңтар
2023
Ардагерлер ұйымының төрағасы Әшірбеков Сағынбек Әшірбекұлы
2023 жылдың 30 қаңтар күні Алатау аудандық ардагерлер ұйымының рухани адамгершілік патриоттық тәрбиесінің төрағасы Әшірбеков Сағынбек Әшірбекұлы мектебіміздің қадірлі қонағы болып, Мәуелі мекеніміздің 10 жылдық мерей тойымен құттықтады. Мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толып, аталып өткен іс-шарамызға оң бағасын берді. Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер демекші ақсақал мектеп ұжымына оқушыларымызға өзінің ақ батасын беріп, ізгі тілегімен бөлісті. Қазыналы қарттарымыз аман болсын.







