20
қаңтар
2023
Ашық сабақ
2023 жыл 20 қаңтар күні мектебіміздің 10 жылдығына орай “Математика” пәні бірлестігінің онкүндігі аясында математика пәні мұғалімі Орынбасар Сапарғали Ержігітұлы 6 “А” сынып оқушыларымен “Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: “|x+a¦=b және ¦х-a¦=b түріндегі теңдеулерді шеше алады”. Сабақта “ZipGrade” бағдарламаларын және “Постер” әдістерін ұтымды пайдаланды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы жоғары дәрежеде болды. Сабақта топтық, ұжымдық және жеке жұмыстар ұтымды жүргізілді. Мұғалім мақсатына жетті.







