06
қаңтар
2023
«Заманауи кабинет- келешекке көпір» атты заманауи үлгіде жасалған биология кабинетінің ашылуы
2023 жылдың 6 қаңтар күні мектебіміздің 10 жылдығына орай «Заманауи кабинет- келешекке көпір» атты заманауи үлгіде жасалған биология кабинетінің ашылуы өтті. Ашылуына Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербековна және мектебіміздің директоры Дәулетбек Ләззат Байшымырқызы, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.
Мектептерді модернизациялау және жабдықтау жөніндегі «Көркем» компаниясы жеке авторлық дизайн жобасының үлгісі негізінде биология кабинетін заманауи талаптарға сай жабдықтаған. Оқу кабинеті жаңартылған білім аясында білім алушыға жан-жақты білім алуға мүмкіндік беруде.
Биология кабинеті жаңа үлгідегі парталар, орындықтар, мұғалім үстелі мен орындығы және шкафтармен жабдықталған. Сонымен қатар компьютер мен интерактивті панель тақта орнатылған. Кабинеттегі парталар оқушылардың зертханалық жұмыстарды демонстрация түрінде емес, жұп бойынша орындауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған. Ылғал препараттармен жұмыс істеуге және кейбір лабораториялық тәжірбиелерді жасауға қолайлы болу үшін парталардың бетін арнайы әйнекпен көмкеріп жасаған.
Осындай заманауи жабдықталған жарық кабинетте алаңсыз білім алуларына жағдай жасаған мектеп директоры Дәулетбек Ләззат Байшымырқызына, мектеп әкімшілік мүшелері мен биология пән мұғалімдеріне оқушылар өздерінің алғыстарымен, ризашылықтарының шексіз екендіктерін білдірді.