«Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара
20
қазан
2022

«Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара

2022 жылдың 20 қазанында 25 қазан Республика күніне орай бастауыш сынып оқушылары «Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шараны атап өтті.
🎶Мерекелік іс-шараның мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.
25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатын  ҚР-ның ән ұранымен ашылды.
🎼Мерекелік іс-шарада: "Ерке сылқым" күйі және "Тепеңкөк" күйі шертілді.
🎶"Көк тудың желбірегені", "Отан", "Ауылым" "Әриайдай" әндері шырқалды.
🎤1-сынып оқушыларымыздың Отанға деген ыстық сезімге толы жыр шумақтарын оқыды.
🎼Оқушыларымыз "Дала думан" және "Қамажай" биін билеп, өз өнерлерін сахнада тарту етті.
🎶Іс-шара соңы «Атамекен» хорымен аяқталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: