Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай, кітапханада дөңгелек үстел өткізілді » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай, кітапханада дөңгелек үстел өткізілді
05
қазан
2022

Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай, кітапханада дөңгелек үстел өткізілді

№180 жалпы білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі М.Е.Бактиярова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Қарақұлова белгілі кеңес және қазақ жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-аудармашы Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай, кітапханада дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге 9 «Д» сынып оқушылары қатысып, Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» кітабына талдау жасады.
Шығармаға арқау болған жазушының ашаршылық, Ұлы Отан соғысы кезеңімен тұспа-тұс келген балалық шағы болса, ал бас кейіпкері – анасы Айша. Айша ананың жарының аманаты – балаларын жеткізу жолында кездескен қиындықтарды қалай еңсергенін, жігерін жанып тұрып қалай алға ұмтылғанын көруге болады. Алыптың анадан туатынын сөзсіз мойындайсыз. Шерхан болмысының өрлігі мен биіктігінің сырын түсінесіз.Оқушылар жазушының «Ай мен Айша» кітабынан алған әсерлерімен бөлісті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: