Аралық аттестаттау қорытындысы, 5-8, 10 сынып білім алушыларын сыныптан сыныпқа көшіру туралы АНЫҚТАМА
Аралық аттестаттаудың мақсаты: оқушылардың білім сапасын бақылау, оқу жылының белгілі бір кезеңінде оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау, бағалау және келесі оқу кезеңіне дайындықтарын анықтау.
Білім алушыларды аралық аттестаттау – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығының 35-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
2024-2025 оқу жылының басынан бастап негізгі орта білім алушыларды (5-8, 10 сыныптар) аралық аттестаттаудан өткізуге дайындық кешенді түрде жүзеге асырылып келеді.
- 5, 6 сыныптар білім алушыларының қазақ тілі пәнінен емтихандар - 2025 жылғы 26 мамыр;
- 7, 8 сыныптар білім алушыларының қазақ тілі пәнінен емтихандар - 2025 жылғы 27 мамыр;
- 10 сыныптар білім алушыларының қазақ тілі пәнінен емтихандар – 2025 жылғы 28 мамыр күндері аралық аттестаттау білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында Қазақ тілі пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізілді.
Аралық аттестаттау тапсырмаларын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып құрастырып, дайындады; тапсырмаларын құрастыруда тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары басшылыққа алынып, төмендегі емтихан тапсырмаларын орындау қадамдары ескерілді:
- дайындалған мәтін бойынша тапсырманы орындау арқылы білім алушының тыңдалым дағдысы тексеріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін)
- айтылым дағдысы бойынша білім алушыға тапсырмалар беріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін);
- оқылым бойынша білім алушыға дайын мәтін беріледі (қазақ және өзге тілдерде оқытатын)
- жазылым дағдысы бойынша білім алушы эссе жазады (оқылым мен жазылым бойынша берілетін мәтін мазмұны мен эссе тақырыбы бір-бірімен байланысты болу керек (қазақ және өзге тілдерде оқытатын)
- эссе мәтініне грамматикалық талдау жасайды
Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, дайындалған емтихан материалдарын мектеп әкімшілігіне бекітуге ұсынды. Күнделікке емтихан бағасын қою кезінде 30 балдық жүйеге ауыстырылады.
Пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде "Қазақ тілі" пәні бойынша қорытынды баға емтихан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста қойылды. Қорытынды бағалау ең жақын бүтінге қарай дөңгелектелді. Білім алушылар аралық аттестаттау кезінде бір-бірден отырғызылды.
Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріліп, шимайжазумен (черновикпен) бірге комиссияға емтихан жұмысы аяқталғаннан кейін өткізді. Қағаз және электронды хаттамасы толтырылып, білім алушылардың жазған жұмыстарымен хаттамалары мектеп-гимназия басшысының мөрімен бекітіліп, мұрағатқа өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығының 35-1. 5 (6) – 8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттаудан мектеп-гимназия бұйрығымен 7 «А» сынып оқушысы Есенгелді Аяулым Манасқызы, 10 «В» сынып оқушысы Қуаныш Айзада денсаулығына байланысты аралық аттестаттаудан босатылды.
Аралық аттестаттаудан босатылған білім алушылар үшін қорытынды баға ағымдағы оқу жылының жылдық бағасы негізінде қойылады.
Бағалау жұмысы кезінде: Іс жүзінде оқушыға берілген баға оның тапсырмаларды қалай орындағанына байланысты қойылды.
Білім алушы пәнді өте жақсы білетінін, оқу бағдарламасында қамтылған жазбаша жұмыстарды орындау кезінде пән бойынша өздерінің жетік деңгейдегі қабілеттерін көрсеткенде тақырыпқа қатысты ақпараттарды нақты анықтағанда, талдай білгенде, тақырыпты толық аша білгенде, ойын жүйелі, еркін жеткізген, қатесі жоқ, көркем таза жазған оқушыға - «5» (өте жақсы);
Білім алушы пәнді жақсы білетінін, түсінгенін көрсеткенде, пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсеткен, тілі түсінікті, тақырыпқа сай лексиканы орынды қолданған, үштен көп емес орфографиялық/грамматикалық және пунктуациялық ұсақ қателері бар, тілі сауатты, екі ұсақ қатесі бар оқушыларға - «4» (жақсы);
Білім алушы пән бойынша базалық білімін көрсеткенде, әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден аздаған ақпараттарды қолданған, ұсынылған тақырып бойынша сөздік қоры шектеулі, мағыналық ірі қателері бар, үштен артық орфографиялық/ грамматикалық/ пунктуациялық қателер кездесен, тілі сауатсыз, мағынаны түсінуге кедергі келтіргендерге, кітап деңгейінде қалып қойған оқушыларға - «3» (қанағаттанарлық) бағасы қойылды.
Аралық аттестаттау кезінде ереже бұзған, «2» бағасын алған, қайта оқу жылына қалдырылған оқушылар жоқ.
5-сыныптар:
Сыныбы | Қазақ тілі | |||||||
5 «А» | 5 «Ә» | 5 «Б» | 5 «В» | 5 «Г» | 5 «Ғ» | 5 «Д» | Барлығы | |
Оқушы саны | 25 | 26 | 23 | 24 | 24 | 25 | 23 | 170 |
«5» | 15 | 10 | 8 | 3 | 5 | 2 | 6 | 49 |
«4» | 7 | 8 | 10 | 9 | 11 | 15 | 9 | 69 |
«3» | 3 | 8 | 5 | 12 | 8 | 8 | 8 | 52 |
«2» | - | - | - | - | - | - | - | |
сапасы | 88 | 69,23 | 78,26 | 50 | 66,66 | 68 | 65,21 | 69,41 |
үлгерімі | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
6-сыныптар:
Сыныбы | Қазақ тілі | |||||||||
6«А» | 6«Ә» | 6«Б» | 6«В» | 6«Г» | 6 «Ғ» | 6«Д» | 6«Е» | 6«Ж» | Барлығы | |
Оқушы саны | 25 | 22 | 25 | 23 | 21 | 26 | 24 | 26 | 24 | 216 |
«5» | 4 | 6 | 5 | 3 | 4 | 4 | 2 | 9 | 6 | 43 |
«4» | 8 | 7 | 11 | 12 | 6 | 12 | 12 | 7 | 8 | 83 |
«3» | 13 | 9 | 9 | 8 | 11 | 10 | 10 | 10 | 10 | 90 |
«2» | - | - | - | - | - | - | - | - | - | 0 |
сапасы | 48 | 59,09 | 64 | 65,21 | 47,61 | 61,53 | 58,33 | 61,53 | 58,33 | 58,33 |
үлгерімі | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
7-сыныптар:
Сыныбы | Қазақ тілі | ||||||||
7 «А» | 7 «Ә» | 7 «Б» | 7 «В» | 7 «Г» | 7 «Ғ» | 7«Д» | 7 «Е» | Барлығы | |
Оқушы саны | 21 | 21 | 25 | 22 | 21 | 21 | 27 | 25 | 183 |
«5» | 2 | 0 | 6 | 2 | 0 | 0 | 3 | 5 | 18 |
«4» | 10 | 12 | 13 | 11 | 7 | 9 | 7 | 11 | 80 |
«3» | 9 | 9 | 6 | 9 | 14 | 12 | 17 | 9 | 85 |
«2» | 0 | ||||||||
сапасы | 57,14 | 57,14 | 76 | 59,09 | 33,33 | 42,85 | 37,03 | 64 | 53,55 |
үлгерімі | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
8-сыныптар:
Сыныбы | Қазақ тілі | |||||||
8 «А» | 8 «Ә» | 8 «Б» | 8 «В» | 8 «Г» | 8 «Ғ» | 8 «Д» | Барлығы | |
Оқушы саны | 27 | 25 | 25 | 24 | 26 | 25 | 28 | 180 |
«5» | 7 | 5 | 7 | 1 | 2 | 2 | 3 | 27 |
«4» | 14 | 13 | 11 | 11 | 9 | 18 | 16 | 92 |
«3» | 6 | 7 | 7 | 12 | 15 | 5 | 9 | 61 |
«2» | 0 | |||||||
сапасы | 77,77 | 72 | 72 | 50 | 42,30 | 80 | 67,85 | 66,11 |
үлгерімі | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
10-сыныптар:
Сыныбы | Қазақ тілі | ||||
10 «А» | 10 «Ә» | 10 «Б» | 10 «В» | Барлығы | |
Оқушы саны | 29 | 25 | 29 | 28 | 111 |
«5» | 6 | 1 | 3 | 3 | 13 |
«4» | 14 | 13 | 10 | 21 | 58 |
«3» | 6 | 11 | 16 | 4 | 37 |
«2» | 0 | ||||
сапасы | 68,96 | 56 | 44,82 | 85,71 | 63,96 |
үлгерімі | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
2024-2025 оқу жылы бойыншааралық аттестаттау мен білім сапасы туралы:
Сынып | Оқушылар саны | Аралық аттестаттауға қатысқандар | Аралық аттестаттауға қатыспағандар | Үздіктер саны | Екпінділер саны | Білім сапасы (%) | Үлгерім (%) |
5 сыныптар | 170 | 170 | 43 | 77 | 70,58% | 100% | |
6 сыныптар | 216 | 216 | 34 | 96 | 60,18% | 100% | |
7 сыныптар | 184 | 183 | 1 | 14 | 90 | 56,52% | 100% |
8 сыныптар | 180 | 180 | 17 | 82 | 55% | 100% | |
10 сыныптар | 112 | 111 | 1 | 9 | 48 | 50,89% | 100% |
Барлығы | 862 | 860 | 2 | 117 | 392 | 59,18 | 100% |
Жалпы қорытынды:
Барлық сынып оқушылары аралық аттестаттауға толық өтті. Оқу үлгерімі 100% деңгейінде, білім сапасы жалпы 59,18% құрады. Үздік оқушылар саны – 117. Академиялық адалдық кезеңінде оқушылар өз деңгейіндегі бағаларды алды. Оқушылардың қорытынды аттестаттау емтиханы кезінде төмен бағаларды алуы, бұл мектепте жүргізілген БЖБ, ТЖБ жұмыстарына да байланысты. Білім деңгейлері бойынша нақты бағалардың қойылмауы. Пән беделін көтеретін де, пәнге деген оқушылардың сүйіспеншілігін оятатын да пән мұғалімінің пәнге деген құрметіне байланысты.
Аралық аттестаттау сабақ емес екенін оқушыларға түсіндіру бұл пән мұғалімдері мен сынып жетекшілердің міндеті. Оқушы аралық аттестаттаудың не екендігін сезінуі керек.
Мектебіміздің білім сапасының көрсеткіші пән мұғалімдерінің жұмысының нәтижесі.
Шешім:
- Аралық аттастаттаудың қорытынды бағаларын оқушының сабақ үлгерімі мен тәртібі туралы табельдеріне түсіру, ата-ананың қолын қойдыру сынып жетекшілерге жүктелсін;
- Аралық аттестаттау қорытындысы негізінде:
- 5-сынып бойынша барлығы – 43 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, 170 оқушы 6-сыныпқа көшірілсін;
- 6-сынып бойынша барлығы – 34 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, 216 оқушы 7-сыныпқа көшірілсін;
- 7-сынып бойынша барлығы – 14 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, 184 оқушы 8-сыныпқа көшірілсін;
- 8-сынып бойынша барлығы – 17 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, 180 оқушы 9-сыныпқа көшірілсін;
- 10-сынып бойынша барлығы – 9 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, 112 оқушы 11-сыныпқа көшірілсін.
- 5-8, 10 сыныптар бойынша - 117 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, 862 оқушы келесі сыныпқа көшірілсін.
- Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында келесі оқу жылында түзету жұмыстарын ұйымдастыру пән мұғалімдеріне жүктелсін.
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Нұрланқызы