№180 мектеп-гимназияның 2024 жылғы жұмысының қорытындысы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №180 мектеп-гимназияның 2024 жылғы жұмысының қорытындысы
31
желтоқсан
2024

№180 мектеп-гимназияның 2024 жылғы жұмысының қорытындысы

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша  Алматы қаласы әкімдігінің  2024 жылдың 28 тамыздағы 3/473 қаулысы негізінде Алматы қаласы Білім басқармасының «№180 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі Алматы қаласы Білім басқармасының «180 мектеп-гимназия» КММ-сі болып өзгертілді. 

2024 жылы №180 мектеп-гимназия білім беру саласын арттыруға бағытталған оқу тәрбие жұмысының жоспары қабылданып, іске асырылды. №180 мектеп- гимназияның 2028 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы әзірленді.

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен «Мектеп автобусы» ауқымды жобасы бойынша мектебіміздің 146 оқушысы (І ауысым: 79 оқушы, ІІ ауысым: 67 оқушы) 20 орындықты 2 автобуспен тасымалданады.  Автобуста қауіпсіздік ережелері толық қамтамасыз етілген. 

Бастауыш сынып оқушылары мен   халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан барлық жастағы оқушыларды тегін тамақтандыру жобасы да жүзеге асырылған. 1 қыркүйектен бастап мектепте 1-4 сыныптың – 718 оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, жалпы білім беру қорының бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан  5-11 сыныптың  – 36 оқушысы  мектеп асханасынан бір мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілді
 
        Балаларды  жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында 100 % (пайыз) қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді.
 
      Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие   беретін педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесі де жүзеге асырылды. Біліктілікті арттыру курстарынан 98 % педагог өтіп, өз білімін жетілдірді.
 
        Мектептерді жаңғырту кезінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жаңа заманауи модификациялы 2 физика,     2 химия, 1 биология, 1 робототехника, көркем еңбек: ұлдар, қыздар кабинетрі жаңартылды. 

Қазіргі қоғамның білім беру жүйесінде трендке айналған әдіснамалық құралдардың бірі TopIQ.kz, Kitap.kz, Kundelik.kz платформалары  жүзеге асырылған. 

Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту» мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы», «Әжелер мектебі»  жұмыс жасауда.

         Қорытындылай келе оқу мен оқытуды жақсартуда маңызды жұмыстар жүзеге асырылуда. Мектептегі оң өзгерісті жағдайлар оқушылардың сапалы білім алуына сөзсіз септігін тигізері анық. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: