«Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
04
қараша
2021

«Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

2021 жылдың 04 қараша күні Алматы қаласы Алатау ауданы №180 жалпы білім беретін мектепте аудандық білім бөлімінің және №180 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Мақсаты: жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, тәлімгер ұстаздардың іс-тәжірибесімен бөлісу. Семинарға Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Акмурзаева Қ.М. , әдіскер Смагулова А.Б. және аудан мектептерінен 26 жас маман қатысты. Семинар барысында жоғарыда аталған мектептің тәлімгер ұстаздары қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мырқасымова Г.Ш. «Қысқа мерзімді жоспар құрастырудың жолдары» атты коучинг-сабақ, Ахметова Қ.Ә. «Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер» атты шеберлік сабақ, бастауыш сынып мұғалімдері Косжанова Н.Б. жас маман М.Солтанбаевамен бірге педагогикалық тандем ұйымдастырып өткізді. Жас мамандар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Манатова А. және математика пәнінің мұғалімі Сатыбалды Ж. сабақ барысында АКТ-ны қолданудың тиімді жолдарын ұсынды. Семинар соңында жас мамандар сабақтардан алған әсерлерімен бөлісті және сабақ өткізген ұстаздар «Алғыс хатпен» марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: