Жас мамандарға арналған "Қысқа мерзімді жоспар жасаудың ерекшелігі» тақырыбында коучинг » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас мамандарға арналған "Қысқа мерзімді жоспар жасаудың ерекшелігі» тақырыбында коучинг
25
қыркүйек
2021

Жас мамандарға арналған "Қысқа мерзімді жоспар жасаудың ерекшелігі» тақырыбында коучинг

     2021 жылдың 25 қыркүйек күні №180 жалпы білім беретін мектепте «Тіл» апталығы аясында «Қысқа мерзімді жоспар жасаудың ерекшелігі» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Мырқасымова Гүлжамал Шәбденбекқызы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетті.
        Коучингтің мақсаты: әріптестерді қысқа мерзімді жоспарлауды Блум таксономиясы бойынша құруға және өз сабақтарында сабақ кезеңдеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануға жаттықтыру, маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру.
        Алдымен қатысушылар «Гүл шоғы» әдісімен ынтымақтастық ахуал қалыптастырып, әріп түстері арқылы топтарға бөлінді. Жас мамандардың бір-бірімен жақын танысуы олардың коучинг барысында өзін еркін сезінуіне ықпал етті. Ой шақыру мақсатында мұғалімдер ҚМЖ туралы өз білетіндерін «БББ» кестесіне жазды. Содан соң тәлімгер ҚМЖ жасау ерекшеліктеріне тоқталып, Блум таксономиясы туралы теориялық мағлұмат берді, №130 бұйрық негізінде жасалан қысқа мерзімді жоспардың кезеңдерімен, құрылымымен таныстырды. Жоспар жасауда оқытудағы әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану қарастырылды.               
      Теориялық тұрғыда алған түсініктерін бекіту мақсатында жас мамандар топта бірлесе отырып постер жасады, берілген тапсырмаларды сабақ кезеңдерімен сәйкестендіреді. Өзіндік пікірлерін білдірді, дұрыс нұсқасымен салыстырды. Коуч ұсынған «БББ» кестесінің соңғы бөлігіндегі кері байланыс парақшасын толтырады.
     «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасады. Әрбір қатысушы өзіне ұнған екі нәрсе мен бір ұсыныс жазды.
Жалпы алғанда, өткізілген коучинг жас мамандардың қысқа мерзімді жоспар жасауда кездесетін қиындықтардан шығуына, сонымен қатар сабақ кезеңдерін сақтай отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануына, дескриптор құрып, ресурстарды таңдай білуіне көмектесті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: