9 сынып оқушыларымен 2022-2023 оқу жылын аяқтау, қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 сынып оқушыларымен 2022-2023 оқу жылын аяқтау, қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі
27
сәуір
2023

9 сынып оқушыларымен 2022-2023 оқу жылын аяқтау, қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі

1. 2023 жылдың 27 сәуір күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары К.Нұрланқызы, М.Т.Мусаханова негізгі орта білім алушы 9 сынып оқушыларымен 2022-2023 оқу жылын аяқтау, қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы жиналыс өткізді. 02-13 маусым аралығында негізгі орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
1. Қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан.
2. Алгебра пәнінен жазбаша емтихан
3. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен жазбаша
4. Таңдау бойынша пәннен жазбаша емтихан

2. Мектебіміздің 2020-2021 оқу жылындағы «Алтын белгі» иегері, Сулейман Демирель атындағы Университет студенті Мустапа Темірлан Алмасұлы мамандық таңдау бойынша өз ойымен бөлісті. Білімге ерекше құштар болғандығын тілге тиек етіп, қызықты естеліктерімен бөлісті. «Білімді жанға қайда да жол ашық, сондықтан әр күндеріңді текке өткізбей, білім іздеумен, тіл үйренумен айналысыңдар, келешек – біздің қолымызда», – деп 9 сынып білім алушыларын қанатандыра отырып өз кеңесін берді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: