05
сәуір
2024
Қамқоршылық кеңес отырысы
2024 жылы 05 сәуір күні №180 жалпы білім беретін мектепте Қомқоршылық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, қала аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту. Қамқоршылық кеңес төрайымы Мұхамеджанова Ұлман Жумагазиевна кеңес мүшелеріне аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушылардың сандық мәліметін алып, қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан демеушілер тартып көмек көрсетуге ат салысатындығын жеткізді. Сонымен қатар мектеп мүліктерінің жағдайы жайлы мәліметтермен танысып отыру қажеттілігі туралы да мәселе қозғалды. Кеңес мүшелері өздерінің ұсыныстарын айтып, жоспарлы өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екендігін айтты. Қамқоршылық кеңес мүшесі, Алатау ауданы полиция инспекторы Ғ.Абен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырды.