Қазақстан тілдер күні мерекесіне орай «Қазақ атын шығарсын үш тұғырлы тіл» атты мерекелік концерт өткізілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан тілдер күні мерекесіне орай «Қазақ атын шығарсын үш тұғырлы тіл» атты мерекелік концерт өткізілді.
15
қыркүйек
2023

Қазақстан тілдер күні мерекесіне орай «Қазақ атын шығарсын үш тұғырлы тіл» атты мерекелік концерт өткізілді.

Алматы қаласы Алатау ауданы № 180 жалпы білім беретін мектепте 2023 жылы 15 қыркүйек күні Қазақстан тілдер күні мерекесіне орай «Қазақ атын шығарсын үш тұғырлы тіл» атты мерекелік концерт өткізілді. Мақсаты; оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Меркелік концертте Алатау ауданы білім бөлімінің әдіскері  Смагулова Алия Белгибаевна сөз сөйлеп, білім алушыларды Қазақстан тілдері күні мерекесімен құттықтап, ана тілімізді құрметтеуге шақырды. Мерекелік іс-шараға Алатау ауданы директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Оқушылар Жұбан Молдағалиев «Мен-қазақпын» поэмасынан үзінді, «Ахмет аманаты» атты сахналық көрініс, оқушылар ағылшын, орыс тілінде сахналық қойылым қойды. Іс-шара соңында «Достық» хор ұжымы «Қазақстан тірегім» атты әсем әнді орындады. 
Өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландарына еліміздің туын асқақтата берсін, - деген тілек білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: