«Бейбіт болсын болашақ» тақырыбында мерекелік іс-шара » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бейбіт болсын болашақ» тақырыбында мерекелік іс-шара
27
сәуір
2023

«Бейбіт болсын болашақ» тақырыбында мерекелік іс-шара

2023 жылы 27 сәуір күні «1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні» мерекесіне орай мектебіміздің 3 сынып оқушылары «Бейбіт болсын болашақ» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Мақсаты; еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдерін ынтымақтастыққа, достыққа, бірлікке шақыру, өскелең ұрпақты Отанды сүюге, оны құрметтуге, қорғауға тәрбиелеу. Мерекелік іс-шарада алғы сөз директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алқа Аманкелдіқызына берілді. Оқушыларды «1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні» мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Іс-шара барысында оқушылар қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, кәріс, үнді, украин т.б ұлт өкілдерінің өнерлерін көрсетті. 1 сынып оқушысы Аппақов Ильяс «Көк тудың желбірегені», 3 сынып оқушысы Сеилхан Ерсұлтан «Мен қазақтың ұлымын» патроттық әндерін шырқады. Баршаларыңызға, әр отбасына, әр Қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Іс-шараға ат салысқан сынып жетекшілер, ұстаздар мен оқушыларға алғыс айтамыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: