«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында мерекелік іс-шара » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында мерекелік іс-шара
28
сәуір
2023

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында мерекелік іс-шара

2023 жылдың 28 сәуірі күні «1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күні» мерекесіне орай мектебіміздің 5- сынып оқушылары «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.
Іс-шара барысында оқушыларымыз әр ұлттың әндері мен билерін,өлеңдерін жатқа айтып өнерлерін көрсетті. Мерекелік кешті «Ерке сылқым» күйімен Телқоңыр ансамбілі бастап, 1-сынып оқушысы Аппақов Ильяс «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтады.Оқушыларды «1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күні» мерекесімен директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Шолпан Торғайқызы мен тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Алқа Амангелдіқызы сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Іс-шараға ат салысқан сынып жетекшілер, ұстаздар мен оқушыларға алғыс айтамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: