Ш.Мұртазаның туылғанына 90 жыл толуына орай «Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты тақырыптық көрме » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ш.Мұртазаның туылғанына 90 жыл толуына орай «Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты тақырыптық көрме
29
қыркүйек
2022

Ш.Мұртазаның туылғанына 90 жыл толуына орай «Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты тақырыптық көрме

№180 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі М.Е.Бактиярова Ш.Мұртазаның туылғанына 90 жыл толуына орай «Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырып, 7 «А» сынып оқушыларына таныстырды. Мақсаты: Ш.Мұртазаның өмірі, шығармалары туралы оқушыларға түсінік беру, шығармаларымен таныстыру, кітап оқуға шақыру.
Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толып отыр. Мазмұнды шығармашылық еңбегі және әдебиет саласындағы зор жетістіктері үшін көрнекті қазақстандық көптеген құрметті атақтар мен марапаттарға ие болды. Ол шығармашылықпен студент кезінен айналысты. Алғашқы еңбектері қазақ тіліне аударған Қ.Мұстайдың балаларға арналған «Біздің үйдің қуанышы» кітаптары, венгр халық ертегілері, Л.Лагиннің «Старик Хоттабыч» ертегісі, Х.К.Андерсеннің ғажайып ертегілері, Ш.Айтматовтың шығармалары болды. Жазушы роман, повесть, өлеңдер, әңгімелер, пьесалар жазды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: