"Заманауи трендтердің бірі - кіріктірілген сабақ" тақырыбында қалалық семинар өткізілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Заманауи трендтердің бірі - кіріктірілген сабақ" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
04
наурыз
2024

"Заманауи трендтердің бірі - кіріктірілген сабақ" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

2024 жылдың  16.02 күні Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес мектебімізде  пәндерді кіріктіре отырып оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында  «Заманауи білім берудегі трендтердің бірі-кіріктірілген сабақ» тақырыбында тарих, география, биология пән мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтілді. 
Семинар бағдарламасы 5 бөлімді қамтыды: семинардың ашылуы, ашық сабақтар, панельді дискуссия, шеберлік сынып, қорытынды бөлім.  
Семинарға  Алатау  ауданы білім бөлімінің басшысы: Акмурзаева Қарлығаш Медербековна,  мектебіміздің ғылыми жетекшісі PhD (философия докторы), қауымдастырылған профессор, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Педагогика және психология институты, «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Мажинов Бағдат Молдахметұлы, ҚББЖТҒӘО оқу бөлімінің әдіскері Кирбаева Жазира Канашевна, Алатау  ауданы білім бөлімінің  бас маманы: Смагулова Алия Белгибаевна,  сонымен қатар қала мектептерінен 62 мұғалім қатысты.  Семинардың ерекшелігі – сабақтардың кіріктірілген форматта өткізілуі. Осы форматта тарих, биология, география пән мұғалімдері бірлесіп сабақ өткізіп, озық тәжірибелерін қала мектептерінен келген ұстаздармен бөлісті.
         10 «Б» сыныбында «Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері» тақырыбында  тарих пәнінен Б.У. Абикенова, биология пәнінен К. Р. Балакойшиева, география пәнінен М.А. Муканова; 
        8 «А» сыныбында «Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері» тақырыбында  биология пәнінен Н.С.Алимбаева, тарих пәнінен Б.А.Даусова, география пәнінен Р.И.Омарова;
        7 «Е» сыныбында «Дүниежүзі халқының тілдік әлеуеттері мен топтары» тақырыбында  география пәнінен Л.Б.Оналбаева, тарих пәнінен Н.Д. Омиркулов, биология пәнінен А.Ж.Жетписбаева  кіріктірілген сабақтар өтті.
        Панельді дискуссияда «Қолжетімді білім берудегі жасанды интелектінің мүмкіндіктері» тақырыбында оқушылар мен ұстаздар, келген қонақтармен бірге спикер тарих пәні мұғалімі Ж.Ы. Абдиманапова  пікірталас ұйымдастырды. 
       Қорытынды бөлімде ҚББЖТҒӘО оқу бөлімінің әдіскері Кирбаева Жазира Канашевна семинарға қорытынды талдама жүргізіп, ұстаздарымызды марапаттады. Қалалық семинарға қатысушылар жоғары бағасын берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: