«Оқуға құштар мектеп» жобасы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы
20
қаңтар
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

2023 жылы 19 қаңтар күні мектебіміздің 10 жылдығына орай мектеп кітапханасында кітапхана меңгерушісі М.Е.Бактиярова 3 «Ж» сынып білім алушыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сыныппен бірге кітап оқимыз» (20 минуттық кітап оқу) тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды.
3 «Ж» сыныптың білім алушылары сынып жетекшісі Масатбаева Жанерке апайларымен бірге кітапханаға келіп, кітапханадағы кітаптармен танысып, бірге отырып кітап оқыды. Бір-бірімен ой бөлісіп, өздеріне ұнаған кітаптарын үйлеріне жаздыртып алып кетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: