«Кітапханаға кітап сыйла!» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітапханаға кітап сыйла!»
05
мамыр
2023

«Кітапханаға кітап сыйла!»

2023 жылы 5 мамыр күні мектебімізде кітапхана меңгерушісі М.Е.Бактиярова «Кітапханаға кітап сыйла!» қайырымдылық акциясын өткізді.
Мақсаты: мектебіміздің кітапхана қорын әр саладағы көркем әдебиеттермен толықтыру, жас оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту.
Акция барысында мектеп оқушылары белсенділік танытып өздерінің оқыған кітаптарын, ертегі кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.
Кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған бағалы бастама басқа да жанашыр жандардың тарапынан кеңінен қолдауға ие боларына кәміл сенеміз.
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы алдағы аптада да өз жалғасын табады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 қаңтар 2023 Көрме
05 қаңтар 2023 "Кітап оқу сән"