«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әр отбасынан бір ағаш» челленджі
07
сәуір
2023

«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі

2023 жылы 7 сәуір күні №180 ЖББ мектепте «Әр отбасынан бір ағаш» челленджі аясында, Сынып жетекші Айжан Тұрсынғазықызының ұйымдастыруымен 8 «Б» сынып оқушылары мектеп ауласына арша ағаштарын отырғызды. Үш сауаптың бірі- ағаш отырғызу дегендей, ағаш егудің адамзат тіршілігі үшін аса бір маңызды, қажетті іс екендігінің дәлелі. Мақсатымыз; оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып, мектеп ауласын көгалдандыру және бұл шара еліміздің экологиялық ахуалына, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді. Экологиялық тәрбие – азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға әсер ететіні сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: