сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыстары » 180 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №180»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Бухгалтерия
+7(727) 338-38-04
Версия для
слабовидящих
» » » сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыстары
26
октябрь
2018

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыстары

Рухы биік адал ұрпақ

Білім ошағымыз № 180 ЖББ мектепте балаларға рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру барысында «Адал Ұрпақ» атты еріктілер клубы жұмыс жасап жатыр. Қоғамымызда белең алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мектеп жасынан бастап қолға алған балаларымыз 8-сынып оқушыларының арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты парызымыз» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында дәстүрге айналған «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты сынып сағаты өткізіліп тұрады. Сынып сағатында рухы биік ұрпақты тәрбиелеу мақсатында патриоттық сезімдерін оята отырып, еліне деген адал қызмет етуін бала санасына ұқтыру – ұстаздарымыздың негізгі мақсаты болды.
Жасөспірім балалардың басым бөлігі құқық бұзушылыққа бейім тұратын болғандықтан, осы жолдың алдын алу үшін мектепте «Құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын насихаттау туралы» № 180 ЖББ мектебінде марафон ұйымдастырылды. Марафон барысында әр команда мектеп ішінде орын алатын әр түрлі келеңсіз оқиғалар мен құқық бұзушылық әрекеттерді көрсетіп, олармен қалай күресу керектігін, қалай алдын алу шараларын ұйымдастыруын үгіт-насихат ретінде баяндап берді. Мектеп – бала – ата-ана ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты пирамида болғандықтан «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты республикалық ата-аналар конференциясына мектебіміздің ата-аналары да қатысты.
«Бала – болашағымыз» дей келе, бала тәрбиелеу жолында аса ыждағаттылықпен қараған дұрыс. Себебі, болашақ – жастардың қолында.


сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының  жұмыстары

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: