Алатау ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығымен кездесу өткізілді. » 180 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №180»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Бухгалтерия
+7(727) 338-38-04
Версия для
слабовидящих
» » Алатау ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығымен кездесу өткізілді.
16
апрель
2024

Алатау ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығымен кездесу өткізілді.

Өскелең ұрпаққа әскери патриоттық тәрбие беріп, ұлттық рухты бойына сіңіру басты міндет. Осы орайда 2024 жылы 16 апрель күні мектебімізде Алатау ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығы Мұратбек Ержігіт Ықыласбекұлы, Алатау ауданы ҚІЖБ инспекторы Елбосинов Қайрат Игиликовичпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты; оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тарихын білуге тәрбиелеу, елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру. Кездесу барысында Қайрат Игиликович Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне қызмет ету, Отан алдында борышын өтеу ер азаматтың міндеті екенін айтты. Еліміздің қорғаныс қызметін қамтамасыз ету – бүкілхалықтық іс. Әрбір жасөспірім мектеп қабырғасында Отан алдындағы борышын өтеуге өзін дайындауы тиіс екенін ескертіп, Отаныңның лайықты қорғаушысы бол!- деп оқушыларды өз елінің париоты болуға шақырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: