TIMSS зерделеуі » 180 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №180»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Бухгалтерия
+7(727) 338-38-04
Версия для
слабовидящих
» » TIMSS зерделеуі
20
апрель
2019

TIMSS зерделеуі

Алматы қаласы Алатау ауданы №180 ЖББ мектепте 2019 жылдың апрель айының 19 күні Білім жетістіктерін бағалайтын халықаралық қауымдастық арқылы жүзеге асырылатын TIMSS математика және жаратылыстанудан білім беру сапасын салыстырмалы зерттеу жүргізілді. TIMSS зерттеуі-әлемдегі математика мен жаратылыстанудан сабақ беру және оқыту үдерістерін дамыту мақсатында жүргізіліп, қатысушы елдердің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерді анықтап түсіндіруге бағытталған.
Мектеп бойынша зерттеу жұмысына 4,8-сыныптар бойынша 52 оқушы және 4 сыныптың 26 ата-ана қатысты. Зерттеу бағдарламасына сәйкес оқушылардың математика мен жаратылыстанудан дайындықтары бағаланды. Зерттеу барысында Қазақстандағы жалпы білім беру сапасына әсер ететін факторларды анықтау мақсатында оқушылар, олардың мұғалімдері мен ата-аналары және мектеп әкімшілігі үшін сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнама басқа елдердегі оқушыларға жалпы білім беруге қойылатын талаптармен бірге біздің елде жасалатын білім беру стандарттарының мазмұнын салыстыруға мүмкіндік береді.
№180 ЖББ мектептің оқушылары, ана-аналары және ұстаздары TIMSS зерттеу жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарады.








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

29 февраль 2016 Конкурс