«ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2024» ата-аналар жиналысы » 180 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №180»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Бухгалтерия
+7(727) 338-38-04
Версия для
слабовидящих
» » «ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2024» ата-аналар жиналысы
19
январь
2024

«ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2024» ата-аналар жиналысы

🔹2024 жылдың 19 январь күні «ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2024» тақырыбында 11 сынып ата-аналарымен жиналыс өтті. Негізгі мақсат: ЕНТ-ның өткізілу тәртібі мен ережелерін таныстыру. 
🔹Мектеп психологтары С.Д.Ханафиева, Н.Т.Қанаш білім алушылардың ЕНТ-ге дайындығына ата-ана тарапынан болатын көмекті жан-жақты талқылай отырып, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсетті.
🔹Мектеп директоры Л.Б.Дәулетбек алдағы уақытта болатын Мемлекеттік білім беру грантындағы бірқатар өзгерістермен және ЕНТ өткізу тәртібімен таныстырып өтті. 
ЕНТ-ға дайындау жөнінде ақпараттар берді.
🔹Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Нұрланқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 майдағы «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» № 204 бұйрығымен бекітілген жалпы ЕНТ-ның ережелері, өткізу тәртібі және қағидалары мен 2022-2023 оқу жылының қорытындысын салыстырмалы түрде көрсетті. 
🔹2023-2024 оқу жылында 11 сынып білім алушыларының ЕНТ-ге дайындығын бақылау мақсатында октябрь-январь айлары аралығында мектепішілік тест жұмыстары алынды. Алынған тест нәтижелерін жан-жақты талдап, оқушылардың алған білімдерінің қрытындысымен ата-аналарды таныстырды. 100 баллдан жоғары жинаған білім алушыларды атап өтті.  ЖОО  сайтынан оқу орындары мен таңдау пәндері туралы ақпарат берді.
 🔹Пән мұғалімдері білім алушылардың бейіндік  таңдау пәндерін 9-10 сыныптан бастап таңдап сол бағытта дайындалу керек екендігін және баланың бейіміне қарай баратын оқуын дұрыс таңдауға бағыт берудің қажет екендігін айтты.
🔹Ата-аналар өздерінің талаптарымен балалардың мүмкіндіктерінің ара-қатынасы туралы өз ойларын ортаға салды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: