Ашық сабақ » 180 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №180»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Бухгалтерия
+7(727) 338-38-04
Версия для
слабовидящих
» » Ашық сабақ
12
май
2023

Ашық сабақ

2023 жылдың 11 майы күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Түкеева Лунара Мақсатқызы мен мектеп педагог-психологы Ханафиева Салтанат Дәулеткелдиқызы 5 «Ж» сынып оқушыларымен "Үлгі болар отбасы-қазағымның айнасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Ашық тәрбие сағаты барысында бірнеше талқылау сұрақтары беріліп,оқушылар белсенділік танытып ,ойларын еркін жеткізе білді. «Жүректен жүрекке» айдарында қолындағы жүрекшені жанындағы оқушыға кезекпен бойындағы жақсы қасиеті мен тілегін білдіре отырып берді."Суреттер галереясы" кезінде балалар өз отбасыларының суреттерінен фотоколлаж жасап,таныстырып,
ерекше атап өтетін мерекелері мен салт-дәстүрлеріне тоқталып өтті.Сергіту сәтінде мектеп психологы тренинг ұйымдастырып қорытындылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: