Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары негізінде сынып сағаты » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары негізінде сынып сағаты
14
наурыз
2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары негізінде сынып сағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары негізінде 11.02.2020 ж. 5 «Д» сыныпта «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Оқушыларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне құрметпен қарап, адамгершілік сезімдерін дамыту мақсатында өткізілген сынып сағатында сынып жетекшісі Нышан Айшаханым сабақ барысында видеороликтер көрсетіп, сыбайлас жемқорлықтың еліміздің дамуына кері әсер ететінін, тигізер зардаптарын айтып өтті.Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел. Елдің мүддесіне адал еңбек ету, құқықбұзушылыққа, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген тәрбие сабағында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Олар ешқандай жағдайда да пара алмау, оны бермеу керектігін түсініп, құпия сыр бәрібір әшкере болатынын білді. Оқушылар сыбайлас жемқорлық жазаланатынын, заң бойынша қылмыс екендігін жеткізді.Сынып сағатында жемқорлық – жаман қасиет, ол адамдыққа, ар-ұятқа нұқсан келтіретін, абырой әпермейтін, заң бойынша да жазаланатыны айтылды. Одан бойын аулақ ұстау үшін оқушылар әрқашанда шыншыл болуды, өтірік айтпауды, барлық жетістіктерге тек өз біліміңмен, өз жетістігіңмен, өз абыройыңмен, өз мақсатыңмен ғана қол жеткізуге болатынын білді. Адал еңбекпен ғана жақсы жетістікке жетуге болады,- деп ой қорытындыланды.Оқушылар параққа қол саусақтарының суретін салып, оның ішіне «Жемқорлыққа жол жоқ!» деп жазып, барлығы бірдей дауыстап осы ұранмен сынып сағатын аяқтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: