Біз туралы » Страница 13 » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 13
жыр мүшәйрасы
12
желтоқсан
2022
жыр мүшәйрасы
Алматы қаласы Алатау ауданы кітапханашыларының ұйымдастыруымен №164 жалпы білім беретін мектепте Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай, «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты аудандық жыр мүшәйрасы өтті. Байқаудың мақсаты: Қазақ елінің сан ғасырлар бойғы қанымен, жанымен келген азаттық таңын алу жолындағы бабалар ерлігін дәріптеу. Ұлт тәуелсіздігінің қалай келгенін ұрпақ жадына ұялату. Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай ақын жазушыларымыздың туындыларын жаттау арқылы тәуелсіздігіміздің қадірін
"Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері" ашық сабақ
12
желтоқсан
2022
"Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері" ашық
2022 жылдың 9 желтоқсан күні қоғамдық -гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің аясында "Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері" тақырыбында 10 " Б" сыныбымен Абдиманапова Жадыра Ысабекқызы ашық сабақ өткізді . Сабақтың мақсаты: қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау. Сабақ барысында мұғалім "онлайн топқа бөлу", "РАФТ","сәйкестендіру" тәсілдерін қолданып және оқушыларға берілген мәтінді қойылым ретінде алып шығуларына мүмкіндік бере отырып
«Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ
12
желтоқсан
2022
«Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ
2022 жылдың 8-желтоқсанында Мергенбаева Турымхан Батырхановнаның «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: «Сақ тайпаларының мекендеген жерлері және дерек көздері сақтар туралы мәлімет беретінін барлығына толық түсіндіру». Сабақ жақсы өтті. Оқушылар барлық сұрақтарға белсенді жауап берді. 
Семинар
12
желтоқсан
2022
Семинар
2022 жылдың 7 желтоқсан күні Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, тренер Алимов Асхат Хамзаұлымен бірге семинар ұйымдастырылды. Семинарда табысты сабақ нышандары, қысқа мерзімді жоспар жасаудың тиімді жолдары, сабақта мақсатқа қалай жетуге болады, кері байланыс және рефлексия тақырыбында тереңірек айтылды. Алдағы уақытта ұстаздарымыз оқушылардың оқу мен оқытуды жақсарту мақсатында Асхат Хамзаұлымен бірге бірлескен сабақ өтуді
«Жаратылыстану ғажайыптары» атты интеллектуалды ойын
12
желтоқсан
2022
«Жаратылыстану ғажайыптары» атты интеллектуалды ойын
2022 жылдың 8 желтоқсан күні №180 жалпы білім беретін мектептің 4 - сыныптар арасында ұйымдастырған «Жаратылыстану ғажайыптары» атты интеллектуалды ойын сайысы өткізілді . *Мақсаты*: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,алған білімін дамыту,тұрмыста,өмірде қолдану. Лабораториялық жұмыстар жасау арқылы ,жанартаулардың пайда болу жолдарын дәлелдеу. Білімалушыларды адамгершілікке ,жылдамдыққа ұқыптылыққа ,тазалыққа тәрбиелеу . Оқушылар жоғарғы деңгейде қатысып ,жулделі орындарға ие
Спорт
08
желтоқсан
2022
Спорт
2022 жылы 6 желтоқсан күні Алматы қаласында өткен, Дзюдо күресінен 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы «Барыс» спорт клубының ашық біріншілігінде І орынмен 180ЖББМ 6 «Г» сынып оқушысы Абдуллаев Бейбіт марапатталды. Таеквондодан WT Жеңіс спорт клубының ашық қалалық турнирінде І орынмен 180ЖББМ-нің 6 «Г» сынып оқушысы Жанас Дидар марапатталды. 
Жылыжай
06
желтоқсан
2022
Жылыжай
2022 жылы 8 желтоқсанда оқушылар күнделікті жылыжайға келіп алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, өсімдіктерді егіп, оны баптап, тыңайтқыш түрлерін танып, өсімдіктердің өсу уақыты мен мөлшерін анықтауда кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Сонымен қатар 6 "а" сынып оқушылары Әбдімәжит Нәзік, Тілләбек Айлин, Әбдуали Алина, Серік Ақниет "кольраби қырыққабатының адам денсаулығына пайдалы қасиеттері " атты тақырыпта ғылыми жоба жұмысын жүргізіп отыр.  
Мұқағали әлемі
05
желтоқсан
2022
Мұқағали әлемі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен "Мұқағали әлемі" білім парталы ұйымдастырған "Мақатаев оқулары" конкурсына 1"Б" сынып оқушылары қатысып, жүлделі орынға ие болды. Нұрғали Раяна, Нұрлан Раяна жүлделі І-орынды, Көктал Нұрмаханбет, Кемелбай Санжар, Оразкулов Алинұр жүлделі ІІ-орынды иеленді. Сынып жетекшісі Алпыспаева Раушан Алғыс хатпен марапатталды.
"Тарихы терең тағылымы мол тәуелсіз Қазақстан"
05
желтоқсан
2022
"Тарихы терең тағылымы мол тәуелсіз Қазақстан"
Қоғамдық гуманитарлық пәндер бірлестігінің "Тарихы терең тағылымы мол тәуелсіз Қазақстан" атты 05.12.2022ж-15.12.2022 ж аралығындағы онкүндік іс-шараның өткізілуіне орай сағат 10:45 те мектеп кітапханасында "Сабақ мақсатына жетудің тиімді жолдары" тақырыбында жас мамандармен коучинг өткізілді. Коучинг мақсаты: Жас мамандарға оқу мақсатынан сабақ мақсатын анықтау жолдарын түсіндіре отырып, сабақ мақсатына жетудің тиімді шешу жолдарын ұғындыру. Өткізуші тәлімгер: Тарих пәні мұғалімі, педагог
Сейсмикалық жаттығу
02
желтоқсан
2022
Сейсмикалық жаттығу
2022 жылы 2 желтоқсан күні Алматы қаласында Алматы қаласының әкімінің орынбасары А.К.Әмрин бекіткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтті. АҚ бойынша Жер сілкінісі жаттығуы кезіндегі іс- шараларды ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігі, сондай -ақ қызметкерлердің сауатты іс-әрекеттері мен дұрыс мінез-құлқы бойынша іс-тәжірибелік (практикалық) дағдылар алынды. 180 ЖББМ сейсмикалық жаттығу кезінде ешқандай жапа шеккендер болмады. Ұйымдастырған: алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жеткешісі
Алтын сақа олимпиадасы
02
желтоқсан
2022
Алтын сақа олимпиадасы
"Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мен "ZERDELI" ақыл - ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен Математика пәнінен 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген АЛТЫН САҚА олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІ орын иеленген 5 "Ж" сынып оқушысы Қанат Ернұр марапатталып, ZERDELI" ақыл - ой дамыту мектебіне оқуға 30% жеңілдік ұтып алды. Қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Телемисова Ұлжалғас Құттықтаймыз! Қалалық кезеңге сәттілік. АЛТЫН САҚА
“Зерде” ғылыми жобасы
02
желтоқсан
2022
“Зерде” ғылыми жобасы
Мектебіміздің 4 сынып оқушысы Оразхан Нұрайым - ағылшын тілі пәні бойынша 2-7 сыныптар арасындағы “Зерде” ғылыми жобалары байқауының аудандық кезеңінен 1 орын алып, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Дәулетова Фариза Қолдасбекқызы
Мұғалімдер спартакиадасы
01
желтоқсан
2022
Мұғалімдер спартакиадасы
Республикалық мұғалімдер спартакиадасында волейболдан әйелдер арасында Алматы қаласының намысын абыроймен қорғап жүлделі I орынға ие болғаны үшін Барболқызы Алуаны жеңісімен құттықтаймыз. Мектеп ұжымы атынан спорттық мансабында жеңістер көп болсын деп тілейміз!
Мұқағали оқулары
30
қараша
2022
Мұқағали оқулары
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, "Мұқағали әлемі" білім порталы ұйымдастырған қараша айындағы Республикалық "Мақатаев оқулары" конкурсына 2" Е" сынып оқушылары қатысып , жүлделі орындарға ие болды. Сәкен Дінмұхаммед, Бейбіт Балнұр жүлделі I орынды , II орынды Жақсылық Абдрахман иеленді. Жетекшісі Кожакеева Жанна Умирхановна "Алғыс хат " - пен марапатталды.
Коучинг
30
қараша
2022
Коучинг
2022 жылдың 30 қараша күні 180 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі педагог-зерттеуші тәлімгер Жумабекова Лейла Мадиевна, “Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру” тақырыбында коучинг өткізді . Коучингтің мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарылатуда бірлесіп интербелсенді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру жолдары жайлы тәжірибе алмасуға бағытталған. Коучинг өте жоғары дәрежеде өтті.
Мұқағали оқулары
30
қараша
2022
Мұқағали оқулары
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, "Мұқағали әлемі" білім порталы ұйымдастырған қараша айындағы Республикалық "Мақатаев оқулары" конкурсына 2" Ғ" сынып оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жұмағұл Дінмұхаммед,Жайнар Раяна,Мамбетова Раян,Ерген Олжас,Гадаева Айзада,Ерлікқызы Айару ,Рахыш Іңкәр жүлделі ІІ-орынды иеленді.Жетекшісі Алиева Назерке Торетаевна Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жылыжай
29
қараша
2022
Жылыжай
2022 жылдың 29 қараша күні биология пәнінің мұғалімдері Айгүл Жетписбаева мен Дусетова Шұғыла, сабақ барысында, мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушыларымен жылыжайды аралады.
Мұқағали оқулары
29
қараша
2022
Мұқағали оқулары
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, "Мұқағали әлемі" білім порталы ұйымдастырған қараша айындағы Республикалық "Мақатаев оқулары" конкурсына 1" Ә" сынып оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Қали Раяна,Марат Жан,Хамидулла Кәусар,Нұрман Қадыржан,Қанат Әділжан жүлделі І-орын, Дарханқызы Айзере,Қауария Айдидар жүлделі ІІ-орынды иеленді.Жетекшісі Мустафина Арайлым Асхадовна Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мұқағали оқулары
29
қараша
2022
Мұқағали оқулары
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, "Мұқағали әлемі" білім порталы ұйымдастырған қараша айындағы Республикалық "Мақатаев оқулары" конкурсына қатысып, бастауыш және жоғары сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болды.Бастауыш сыныптары арасында Оспан Жансая, Сайлау Айзере, Оразхан Нұрайым, Нусирбеков Әліби, Жұматай Аяулым, Берікбол Айару, Бейсеу Жігер, Ахметов Асылбек жүлделі II орынға ие болды. Жетекшісі Дутбаева Сабира Маханбетовна.Жоғары сыныптар арасында 7 "ж"
Жас келсек іске..." атты III қалалық слетіне белсене қатысқаны үшін мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Даулетбакова Ляйля Камаловна марапатталады.
28
қараша
2022
Жас келсек іске..." атты III қалалық слетіне белсене қатысқаны үшін
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдары жас педагогтерінің "Жас келсек іске..." атты III қалалық слетіне белсене қатысқаны үшін мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Даулетбакова Ляйля Камаловна марапатталады. Мектеп ұжымы атынан құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!