жыр мүшәйрасы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » жыр мүшәйрасы
12
желтоқсан
2022

жыр мүшәйрасы

Алматы қаласы Алатау ауданы кітапханашыларының ұйымдастыруымен №164 жалпы білім беретін мектепте Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай, «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты аудандық жыр мүшәйрасы өтті.
Байқаудың мақсаты: Қазақ елінің сан ғасырлар бойғы қанымен, жанымен келген азаттық таңын алу жолындағы бабалар ерлігін дәріптеу. Ұлт тәуелсіздігінің қалай келгенін ұрпақ жадына ұялату. Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай ақын жазушыларымыздың туындыларын жаттау арқылы тәуелсіздігіміздің қадірін түсіндіру. Білім алушы жас ұрпақты отан сүйгіштікке, ұлтына еңбек етуге тәрбиелеу.
Мүшәйраға №180 жалпы білім беретін мектептен 8 «А» сынып білім алушысы Айхан Әбсемет қатысып, Әлібек Шегебайдың «Қабірден хат. (Қайрат Рысқұлбековтың монологы)» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Байқау қорытындысы бойынша 8 «А» сынып білім алушысы Айхан Абсемет аудандық жыр мүшәйрасынан 3 орын алып, мақтау қағазымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: