«Алматының жыл мұғалімі» байқауы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алматының жыл мұғалімі» байқауы
25
наурыз
2021

«Алматының жыл мұғалімі» байқауы

Мектебімізде 10 күннен бері өтіп жатқан «Алматының жыл мұғалімі» байқауы бүгін өз мәресіне жетті. Байқаудың соңғы айналымында ұстаздарымыз «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» айдарымен өздерінің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымын көрсетті. Ұстаздарымыз бұл жолы да өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарайтындықтарын тағы да дәлелдей түсті. Байқау қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мамбетова Шынар Игілікқызы мен математика пәнінің мұғалімі Телемисова Ұлжалғас Райымбекқызы «жүзден жүйрік» деп танылып, байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алса, қалған жүлделі орындарды бастауыш сынып мұғалімі Мамытова Маржан Рысбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасенова Айжан Тұрсынғазықызы және география пәнінің маманы Муканова Мирамгүл Амирханқызы  өзара бөлісті. Мектебіміздің кәсіподақ ұйымы ұстаздарымыздың еңбегін елеусіз қалдырмай, естелік сыйлықтар табыс етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: