«Алматының жыл мұғалімі» конкурсы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алматының жыл мұғалімі» конкурсы
18
наурыз
2021

«Алматының жыл мұғалімі» конкурсы

Мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында Алматы қаласы әкімдігі тағайындаған гранты үшін Алматы қаласы Білім басқармасың ұйымдастыруымен өтетін «Алматының жыл мұғалімі» конкурсы биыл да өз жалғасын табуда. Аталмыш конкурс мектепішілік, аудандық және қалалық үш кезеңнен тұратыны белгілі. №180 жалпы білім беретін мектебі де бұл конкурстан тыс қалған жоқ. 2021 жылдың 17 наурыз күні мектепішілік кезеңнің алғашқы турында үміткерлер «Мен заманауи педагогпін» тақырыбында эссе жазып, өз пәні бойынша тест тапсырды және портфолиолары зерделенді. Сайысқа қатысушы мұғалімдердің үлкен дайындықпен келуі өз істеріне жауапкершілікпен қарайтындықтарын көрсетті. Алдағы турларда да осындай белсенділік танытады деген сеніммен үміткерлерімізге сәттілік серік болсын демекпіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: