«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі
12
ақпан
2021

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі

2020-2021оқу жылындағы 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  
онкүндігі өткізілді.
Мақсаты:  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу процесіне тиімді енгізу жұмысын белсенділендіру, жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру, рухани тұрғыда дамыту. Оқушыларды әдептілікке, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, рухани азықтандыруға тәрбиелеу.
Өзін-өзі тану «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында мектепішілік іс-шара жоспары негізінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған қашықтық форматта және кезекші сыныптар арасында іс-шаралар өткізілді.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық 
іс-шараларымен, еңбектерімен кеңінен таныстырылды. «Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы» атты 5-11  сыныптар аралығында балалар шығармашылық жұмыстарынан сурет салу байқауы ұйымдастырылып 9 «А» сынып оқушысы Айту Самал аудан аралығында I орын иеленіп, жұмысы қалаға жолданды. 5 «Б» сынып оқушысы Тоқберген Мирас 2 орынға ие болды. «Алтын жүрек Анамыз» атты эссе байқауына 9 сынып оқушысы Қыбырай Үміт қатысып, қалалық байқауға жолдама алды. Жалпы 1-12 ақпан аралығы «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар жоғары дәрежеде өткізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: