Қамқоршылық кеңес. Сiз ол туралы не бiлесiз? » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес. Сiз ол туралы не бiлесiз?
06
наурыз
2024

Қамқоршылық кеңес. Сiз ол туралы не бiлесiз?

Қамқоршылық кеңестің мақсаты – қоғамдық бақылауды орнату арқылы қаржының әділ бөлінуін қамтамасыз ету, білім беру ұйымының жарғысындағы талаптарды орындату және материалдық-техникалық базаны нығайтуға жағдай жасау. Бұл – үкіметтік немесе коммерциялық емес, ерікті түрде ұйымдастырылған қоғамдық ұйым саналады. Қамқоршылық кеңесі оқу мекемесінің атынан билікпен еркін диалог орнатып, ашық азаматтық қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Кеңес білім беру мекемесінің әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органмен, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен тізе қосып қызмет етеді. Кеңес құрамы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары өкілдерінен, әлеуметтік серіктестер мен жұмысшылардан, коммерциялық емес ұйым өкілдерінен жасақталған. 

Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бақылауды күшейте отырып, білім берудің сапасынан бастап қаражаттың қалай жұмсалғанына дейін тікелей қадағалайды. Мұғалім мен оқушының, ұстаз бен ата-ананың қарым-қатынастарын бақылау, бюджеттік және қайырымдылық мақсаттағы қаражаттардың жай-күйінен хабардар болу сынды маңызды міндеттер де бар. Ол үшін қамқоршылық кеңесі білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді және қамқоршылық кеңесі анықтаған кемшіліктерді жою бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуді қолға алады.

Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан барлық мүшелердің қол қойылған хаттамасымен ресімделеді. Хаттама қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жолданады. Білім саласындағы жергілікті атқарушы орган өзінің интернет-ресурсында қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады. Сонымен қатар, қамқоршылық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай әр тоқсан сайын бір рет өткізіледі.

Тағы бір айта кетерлігі, білім беру мекемесінің басшысы қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысқанымен, оның құрамына кіргізілмейді. Бірақ, олар кеңесте еркін сөз сөйлеп, балаларға беріліп жатқан білім сапасына және мектепішілік қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысты қызметтерді талап ете алады. Мұндай жаңашыл реформаның арқасында мектеп, колледж, университеттерді басқару әлдеқайда ашық болады, сонымен қатар білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қамқоршылық кеңестің өкілеттігі артып отыр. Атап айтатын болсақ, білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және толықтырулар енгізу, дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлеу, бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды дайындау, тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына анықтаған кемшіліктерді жою керектігі айтылады. Сондай-ақ, егер заңды тұлға ретінде тіркеліп құрылған мекемелер болса, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, шотқа түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылау, орта білім беру ұйымдары басшысының үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарып, келісу сынды құзырлары кіреді.

Қазіргі кезде мұғалімге көңілі толмаған ата-ананы, оқушылары бір-бірімен келісе алмай жүрген мектептерді, қаражатты көздеген нысанасына жеткізбей жүрген оқу мекемелерін аз да болса кездестіріп қаламыз. Жалпы, білімнің сапасы ойдағыдай болғанымен, кемшіліктер де кездеседі. Ондай кемшіліктерге көз жұма қарауға болмайды. Нақты әрі дәл шешім шығарып, халықты ашықтыққа үйрету, білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық қағидаттарын жаңа деңгейде дамытуды қамтамасыз ету арқылы қамқоршылық кеңес өз қызметін жандандыра түседі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: