Алатау ауданы, Alatau Creative Hub-та "Көпшілік білмейтін Әлихан: Алаш ардақтысын жаңа қырынан тану" атты тарихи кеш болып өтті. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алатау ауданы, Alatau Creative Hub-та "Көпшілік білмейтін Әлихан: Алаш ардақтысын жаңа қырынан тану" атты тарихи кеш болып өтті.
07
наурыз
2022

Алатау ауданы, Alatau Creative Hub-та "Көпшілік білмейтін Әлихан: Алаш ардақтысын жаңа қырынан тану" атты тарихи кеш болып өтті.

5 наурыз Алаш көсемі - Әлихан Бөкейханұлының туған күніне орай Алматы қаласы, Алатау ауданы, Alatau Creative Hub-та "Көпшілік білмейтін Әлихан: Алаш ардақтысын жаңа қырынан тану" атты тарихи кеш болып өтті. Тарихи кешті ұйымдастырған Сүлеймен Демирел атындағы университеттің тарих факультеті оқытушылары.Кеш қонақтары "Қыр баласы" қоғамдық қорының мүшесі - Мырзабай Абай және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD тарихшысы - Тоқсанбаев Алмас Әлихан Бөкейхановтың ХХ ғасырдағы қазақ қоғамындағы роліне басымдық бере отырып баяндамалар жасады.Әлихан Бөкейхановтың қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын,жер мәселесін шешіп,В.И.Ленинге қазақ жерінің саяси картасын бекіттіріп,тіл мәртебесін көтеріп,қазақтың тарихын зерттеуші,түркітанушы В.В.Радловтың жазбаларын баспадан кітап қылып шығаруға мұрындық болғанын бірі білсе бірі білмес.Баяндамаларда осы сынды маңызды ақпараттар айтылды.Сүлеймен Демирел университеті тарих факультетінің студенттері бірі Әлиханды журналист қырынан танытса, енді бірі тарихшы,заңгер ретінде атқарған игі істеріне байланысты тың ақпараттармен бөлісті.
Аталған жиынға 180 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі А.Нурмагамбетова 8"Д" сынып оқушыларымен бірге қатысты.Кеш соңында оқушылар алаш ардақтысы жайлы осыған дейін алған білімдерін толықтырғанын және оң әсер алып ХХ ғасырға Әлихан аталарымен бірге барып қайтқандай болғандарын айтты.
Әлихан Бөкейхановты біз тарихты жазушы емес,тарихты жасаушы тұлға ретінде танытуымыз керек.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: