8-сыныптардың арасында "Тапқырлар тартысы" атты сайыс сабақ өткізілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-сыныптардың арасында "Тапқырлар тартысы" атты сайыс сабақ өткізілді.
10
желтоқсан
2021

8-сыныптардың арасында "Тапқырлар тартысы" атты сайыс сабақ өткізілді.

06 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құрмашева Маржанның ұйымдастыруымен 8-сыныптардың арасында "Тапқырлар тартысы" атты сайыс сабақ өткізілді. Бұл сайыс мақсаты жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту; елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру болды.Сайыс сабақ 4 кезеңнен тұрды. Викториналық сұрақтар кезеңі; «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы; бейнебаян көру арқылы (тыңдалым негізінде) сандық ақпаратты есте сақтау; тәрбиелік мәні зор көркем фильм бойынша ақпаратты анықтау жүзеге асты.
Барлық оқушылар белсене атсалысты. Осыған дейінгі білімдерін еске түсіре отырып, жаңа білімді меңгерді. Сөйлемді жүйелі құрастыру, мәліметтерді есте сақтау, Астана туралы, Елбасы туралы жан-жақты қосымша мәліметтерді меңгерді.
@almaty_mektepteri@edu.almaty
@dauletbek_lazzat

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: