Мұғалімдер күні құтты болсын!!! » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдер күні құтты болсын!!!
02
қазан
2021

Мұғалімдер күні құтты болсын!!!

Мұғалімдер мерекесі қарсаңында №180 жалпы білім беретін мектептің директоры Дәулетбек Ләззәт Байшымырқызы мектебіміздің ұстаздарына Алатау ауданының әкімі Қалдыбек Азамат Бескемпірұлының, Аудандық кәсіподақ төрағасының, Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмурзаева Қарлығаш Медербековнаның алғыс хаттары мен мадақтамаларын салтанатты түрде мұғалімдерге табыстап, мерекелерімен шын жүректеп құттықтай отырып, жылы лебізін білдірді.

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы! Ұстаздар мерекесі құтты болсын!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: