Төтенше жағдайлардың алдын алу » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төтенше жағдайлардың алдын алу
17
қаңтар
2023

Төтенше жағдайлардың алдын алу

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша халықты жедел түрде хабардар ету үшін мобильді қосымшаларды пайдалану өзекті болып табылады.
Еліміздің тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «I2NIK» компаниясымен бірлесе отырып, «Darmen» мобильдік қосымшасын іске қосты. «Darmen» мобильді қосымшасы «Play market» және «App store» жүйелерінде қолжетімді. Қазіргі уақытта еліміздің мыңдаған интернет желісін пайдаланушылары мобильді қосымшаны қолдануда.
Мобильді қосымша дауылды ескерту, сейсмикалық қауіп-қатерлерді және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алуда, сондай-ақ қысқы кезеңде ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабарламаны дер кезінде ата-аналар мен мектеп оқушыларға жеткізу үшін өте ыңғайлы және тегін қосымша болып табылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: