«Қыз баланың бой жетуі» қыздар жиналысы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз баланың бой жетуі» қыздар жиналысы
19
қазан
2021

«Қыз баланың бой жетуі» қыздар жиналысы

2021 жылдың 19 қазан  күні №180 жалпы  білім беретін мектепте  «Қыз баланың бой жетуі»   атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп  медбикесі мен мектеп  психологінің қатысуымен 9 сынып қыз балаларының арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жұмыс жүргізілді.  «Ерте жүктілік несімен қауіпті?» және «Қажетсіз жүктіліктен қалай сақтану керек?» туралы сұрақтар қозғалды. Сонымен бірге, аталған іс-шараға қатысты оқушыларға бейнебаян көрсетілді. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады. 
 Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: