«Ақиқаттың ақыны» атты М.Шаханов оқулары » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ақиқаттың ақыны» атты М.Шаханов оқулары
21
қыркүйек
2022

«Ақиқаттың ақыны» атты М.Шаханов оқулары

21 қыркүйек күні №180 жалпы білім беретін мектепте 6-10 сыныптар арасында «Ақиқаттың ақыны» атты мектепішілік М.Шаханов оқулары өткізілді. Шаханов оқуларының негізгі мақсаты: жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында ақын шығармаларын насихаттау. Мәнерлеп оқу сайысының барысында М.Шаханов поэзиясына кезек берместен бұрын,алдымен ақынның өмірімен таныс болу үшін қатысушыларға сұрақтар қойылды. М.Шаханов оқуларына 6-10 сынып арасынан 10 оқушы қатысты. Оқушылар М.Шахановтың шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мәнерлеп оқу барысында оқушылардың жаттаған өлеңдерінің саны, мәнері, сахна мәдениеті ескерілді. Қорытынды бойынша I орынды 8 сынып оқушысы Абсемет Айхан, II орынды 8 сынып оқушысы Айдар Перизат, III орынды 6 сынып оқушысы Әділ Айару иеленді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: