Тілім менің-ғасырлардан аманат» атты онкүндіктің ашылуы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тілім менің-ғасырлардан аманат» атты онкүндіктің ашылуы
13
қыркүйек
2022

Тілім менің-ғасырлардан аманат» атты онкүндіктің ашылуы

13.09-23.09 аралығында өтетін «Тілім менің-ғасырлардан аманат» атты онкүндіктің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: жас ұрпақта сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып қалған ана тілімізді сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Онкүндіктің ашылу салтанатына 5,6-сынып оқушылары белсене атсалысты.
Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталған жиын мектеп директоры Дәулетбек Ләззат Байшымырқызының құттықтау сөзімен жалғасты.
Шара барысында оқушылар білімнің туын асқақтатқан ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін оқып, «Таза бұлақ» әңгімесінің желісі бойынша көрініс қойды.
«Жалғасын тап» ойыны арқылы оқушыларымыз даналық мәйегі, ғасыр шежіресі саналатын мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндерін ортаға салды.
Ал «Қызықты ұйқастар» кезеңінде оқушыларымыз орыс тіліндегі сөздердің қазақша баламасын айтып, тапқырлық таныта білді. Ойы жүйрік, тілі шешен шәкірттеріміз түрлі сыйлықтарға ие болды.
Өткізілген шара оқушыларымыздың бойында халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі –ана тілімізге деген құрмет сезімін арттыра түсті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: