«Дисграфия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткізілген семинар-тренинг » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дисграфия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткізілген семинар-тренинг
20
ақпан
2024

«Дисграфия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткізілген семинар-тренинг

Логопедтің ата-аналармен жүргізетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Дисграфия және оны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке барлығы 1сыныптың 10 білім алушылары мен 10 ата-ана қатысты.

Семинар - тренингтің мақсаты: Ата-аналарға дисграфияны түзетудің қарапайым әдіс-тәсілдерін меңгерту, жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу.

Семинар - тренингтің міндеттері:

  • Дисграфияны түзетудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, тәжірибе жүзінде көрсету.

Семинар-тренинг жұмысы ата-аналар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Гүл күлтешелері» жаттығуы арқылы басталды. Ата-аналарға гүлдердің күлтешелері ұсынылып, гүл күлтешелеріне жақсы тілектерін жазды. Ата-аналар арасында жағымды атмосфералық ахуал орнаған соң, қатысушыларға семинар-тренинг жұмысының мақсат, міндеттері мен жоспары таныстырылды.

Семинар-тренингтің теориялық бөлімінде жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының себептері мен салдары, дисграфияның түрлері (оптикалық, акустикалық, аграмматикалық дисграфия) туралы толық ақпарат берілді. Жазу дағдыларын қалыптастырудың алғышарттары түсіндіріліп, практикалық жұмыстар жасалды.

Семинар тренингтің практикалық бөлімінде ата-аналармен топтық және жұптық жұмыстар жүргізілді. Жұптық жұмыстар ретінде келесі тапсырмалар ұсынылды:

  • Қате жазылған әріптерді жылдам тап;
  • Дұрыс жазылған әріптерді жылдам тап;
  • Шаршыларды жылдам бояп шық және т.б.

Ата-аналарға әр тапсырманың мақсаты түсіндіріліп, жұптық жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды.


Жұптық жұмыстардан соң, топтық жұмыстар жүргізілді. Ата-аналар «Оптикалық дисграфия», «Аграмматикалық дисграфия» және «Акустикалық дисграфия» топтарына бөлініп, дисграфияның түрлері бойынша түзетудің әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді.

Семинар соңында ата-аналармен «Жылы жүрек» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді, семинар жұмысы қорытындыланып, қосымша үлестірмелі материалдар таратылды. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: