Үштілділік – заман талабы коучинг » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үштілділік – заман талабы коучинг
13
желтоқсан
2022

Үштілділік – заман талабы коучинг

Үштілділік – заман талабы

Бүгінгі ұрпақ таңдау құқығына шексіз заманда өмір сүріп отыр. Білім алушыны болашағын дұрыс таңдай алатын, ұтымды шешім қабылдап, өзінің өмірінде кездесетін өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір кезеңдері күтіп тұр. Қазіргі білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игеруде тиімді әрі нәтижелі әдіс-тәсілдерді іздеп, шығармашылық шеберлігін шыңдау мақсатында №180 жалпы білім беретін мектепте 12.12.2022 ж. информатика пәнінің мұғалімі Торыбаева Гульжахан Ауесхановна «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында ашық семинар өткізді. Семинар мақсаты: үштілділік ұғымдарына сай сабақта қолдануға болатын білім берудің терминдері және тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырып, мұғалімдердің іс-тәжірибелерінде пайдалануға бағыттау.
Семинарға қатысқан мұғалімдер «Инстаграмм», «Тик ток», «Телеграмм» топтарына бөлінді. Семинар барысында мұғалімдерге сабақта қолданылатын терминдер және білім беру трендтерінен тұратын әдістер қоймасымен таныстырылды. «Инстаграмм» тобы сабақ басында, «Тик ток» тобы ортасында, «Телеграмм» тобы сабақ соңында қолданылатын термин сөздерді қолшатыр әдісі арқылы жаңбыр тамшыларын қолшатырға іліп шықты. Сонымен қатар жаңа, тиімді әдістер қоймасындағы төңкерілген сынып, электронды кітап жасау, телеграмм тест құрастыру, x-mind, доллар&сыйлық, сиқырлы дүкен әдістерімен де танысып өтті. Семинарға қатысушылар семинардың өте қызық, әсерлі, тартымды, жаңашыл бағытта өткенін айтып, өз ризашылықтарын білдірді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: