Наурыз мерекесі » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз мерекесі
15
наурыз
2023

Наурыз мерекесі

Алатау ауданы № 180 мектепте 2023 жылы наурыз айының 14 күні 1- 4 сынып оқушыларына сынып жетекшілер Наурыз мерекесіне орай ашық сынып сағаттарын өткізді. Наурыз «Жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
Мақсаты: Балаларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайлыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: