Зейнеп Ахметовамен "Қыз - еркем, қылығымен - көркем" атты керемет кездесу » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Зейнеп Ахметовамен "Қыз - еркем, қылығымен - көркем" атты керемет кездесу
01
наурыз
2023

Зейнеп Ахметовамен "Қыз - еркем, қылығымен - көркем" атты керемет кездесу

2023 жылдың "1-Наурыз Алғыс айту күніне орай" білім ордамызда салт-дәстүр мен ұлттық тәрбиені насихаттайтын, қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлген аяулы жан, "Теңбіл тіршілік", "Күретамыр", "Шуақты күндер" тағы басқа кітаптарының авторы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен "Қыз - еркем, қылығымен - көркем" атты керемет кездесу болып өтті. Кездесуге мектеп ұстаздары мен ата-аналары, сонымен қатар мектеп оқушылары қатысты. Апайдың айтқан өнегелі әңгімелері мен сүбелі сөздері іс-шараға қатысқан барлық жандарға ерекше әсер етті. "Мәуелі мекеніміздің 10 жылдығы" аясында ұйымдастырылып отырған іс-шара ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында ұрпақ тәрбиесіне аса маңызды болмақ. Іс-шарамыздың қонағы Алатау аудандық ардагерлер ұйымының рухани адамгершілік патриоттық тәрбиесінің төрағасы Әшірбеков Сағынбек Әшірбекұлы қатысып "Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер" демекші өзінің ақ батасын беріп жастарға өзінің ыстық ықыласын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: