Абай Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп жатқа айту » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп жатқа айту
23
ақпан
2023

Абай Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп жатқа айту

2023 жылдың 23 ақпан күні Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 23.02.2023 жылы №151 жалпы білім беретін мектепте 7-сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп жатқа айтудан байқау өткізілді.
Мақсаты:
- оқушылар арасында Абай Құнанбайұлы шығармаларын насихаттау;
- оқушылардың қара сөзге деген құштарлығын арттыру, қара сөздің құдіреті мен куатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
Байқауға №180 жалпы білім беретін мектептен 7 «Ж» сынып оқушысы Ахметов Диас қатысты. Ол Абай Құнанбайұлының 24 және 45 қара сөздерін мәнеріне келтіре отырып, жатқа оқыды.
7 «Ж» сынып оқушысы Ахметов Диас ІІ орын жүлдегері атанып, Алатау ауданы Білім бөлімі басшысы Қ.М.Ақмурзаеваның мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі: М.Е.Бактиярова.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: