ДУБЛЕР күнін ұйымдастыру
Мұғалімдер күніне арналған ДУБЛЕР күнін ұйымдастыру мақсатында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының отырысы өтті. Ұйым мүшелері дублер мұғалімдердің сабақтарының жүйелі, сапалы және ерекше дәстүрден тыс қызықты жүргізілуі талқыланды. Білім алып отырған ортаның оқу – тәрбие жұмыстарының одан әрі дамуына жаңа ұсыныстар қаралды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алха Аманкельдиевна білім алушыларымызға сәттілік тілеп, мектеп өміріне белсене араласуына шақырды.