Мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастырылуы. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастырылуы.
12
қыркүйек
2023

Мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастырылуы.

2023 жылдың 1 қыркүйек күнінен бастап, 1-4 сынып оқушылары арасында асханада тамақтандыру жүйелі жолға қойылды. Мектебімізде 873-оқушы  мектеп бойынша ыстық тамақпен  100 % қамтамасыз етілген. І аусым бойынша 1-4 сынып оқушылары 441оқушы тамақтанады. ІІ аусым бойынша 432 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысын (енгізілген өзгерістерін негізге ала отырып), ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 08 тамызындағы №544 қаулысы негізінде  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының 10-қосымшасын басшылыққа ала отырып 2023-2024 оқу жылында  «Жалпыға міндетті оқумен қамту» қорынан бөлінген қаражатты  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басындағы шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасынан шыққан балаларға, ата-ана өтініші бойынша мектептің алқалы басқару органы анықтайтын білім алушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: