8- сыныптар арасында «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. » 180 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №180»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Бухгалтерия
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » 8- сыныптар арасында «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
06
декабрь
2021

8- сыныптар арасында «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

180 жалпы білім беретін мектептің 8 «Е» сынып жетекшісі Омиралиева Назымгүл Амантайқызының 8- сыныптар арасында «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Өткізілген іс-шараға 20 оқушы және мектебіміздің мейірбикесі Таубазарова Толқын Қошқарбайқызы, 8 сынып жетекшілері, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Құлман Жанар Жанашқызы қатысты.
Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой- өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екенін ескерту.Ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру. Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды заттардан аулақ болуға, адамгершілікке, сақтыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында «Деніміз сау болу үшін неге мән беруіміз керек? Арақтың, темекі, есірткінің адам ағзасына зиянды әсерлері, әсіресе қазіргі таңда оқушылар арасындағы қөп қолданылып отырған электронды темекінің және алкагольсіз сыраны қолданатындардың көбею себептері неге деп ойлайсыздар?» деген сұрақтар төңірегінде оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. Қазіргі таңда денсаулықтың физикалық, соматикалық, психикалық және рухани түрлерінің бар екендігі және адам ағзасына пайдалы тағамдар туралы айтылды. Школьникам адам өмірінің кейбір сәттерінен үзінді ретінде жағдаяттық сұрақтар қойылды. Берілген жағдаяттық сұрақтарға оқушылар зиянды, өміріне қауіп төндіретін келеңсіз оқиғаларда өзін қалай ұстау керек екендігі, шешім қабылдау кезінде қателіктерге бой алдырмауға, әрдайым зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстану керектігі туралы өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелге шақырылған қонағымыз мектебіміздің мейірбикесі Таубазарова Толқын Қошқарбайқызына оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала алды.
@edualmaty
@almatymektepteri

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: