«Оқушының оқу жетістіктерін бағалау»тақырыбында коучинг » 180 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №180»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Бухгалтерия
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Оқушының оқу жетістіктерін бағалау»тақырыбында коучинг
13
октябрь
2022

«Оқушының оқу жетістіктерін бағалау»тақырыбында коучинг

2022 жылдың 13-октябрьында жылы тәлімгер ұстаз Сабитова Рысты Мурабаевна «Оқушының оқу жетістіктерін бағалау»тақырыбында коучинг өтті. Коучингке жас мамандар қатысты.
         📚 Коучинг мақсаты: Оқу үшін оқыту үшін бағалауды және сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының оқу жетістігін арттыруға үйрету.Заманауи мұғалімнің шеберлігін дамытуға ықпал ету. Оқушыны жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу.
        📚  Коучингте сұрақ-жауап әдісі, Кластер әдісі , Буриме әдістерін пайдалану арқылы тәлімгер мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге , оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға , толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсіндірді. АКТ,бейнеролик,маркер,стикер,қағаз,плакат пайдаланды.
          📚 Коучинг өз мақсатына жетті. Қатысқан жас мамандар түрлі –әдіс тәсілдерді пайдаланумен қатар,мұғалімнің ішкі мәдениетінің жоғары,шығармашыл болуы керек екенін түсініп, жетістігі жоғары балалармен ғана емес,барлық оқушылармен жұмыс жасау керектігін үйреніп, керекті мағлұматтарды толық алды.
        📚 Тәлімгер ұстаз коучингті Ы. Алтынсариннің «Хороший ой мен жақсы сөз – жақсы істерге жетелейді» деген сөзімен бастап, А. Байтұрсынұлының «Елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген ұлы сөзімен аяқтады.
      📚  Қатысқан мектеп әкімшілігі, басқа да тәлімгерлер коучингті  жоғарғы дәрежеде бағалап,тәлімгердің еңбегіне сәттілік тіледі.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: