Инклюзия - 180 мектеп http://180.alschool.kz/ ru Инклюзия - 180 мектеп DataLife Engine Педагог-ассистент дегеніміз кім? http://180.alschool.kz/inkljuzija/1757-pedagog-assistent-degenmz-km.html http://180.alschool.kz/inkljuzija/1757-pedagog-assistent-degenmz-km.html Педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру - инклюзивті білім беру процесінің жалпы құрылымындағы ажырамас құрамдас бөлігі. Педагог-ассистенттің негізгі қызметтік міндеті - оқу процесінде баланы қолдау, оған оқу бағдарламасын меңгеруде балаға көмектесу, сонымен қатар ЕБҚ бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімге көмектесу жатады. 
Педагог-ассистенттің ЕБҚ бар баланы қолдауы педагогикалық практикада жеке бағдарланған, тұлғалық-бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер береді. 
Қандай балаларға педагог-ассистент тағайындалады? 
Педагог-ассистент мынадай бұзылыстары бар балаларға бекітіледі:
- партада отыра алмайтын, ары бері жүре беретін, сыныптан шығып кету қаупі бар;
- өздігінен сабаққа дайындала алмайтын, керекті оқу құралдарын таба алмайтын, сынып жұмысына қатыса алмайтын, жазу, оқу қиындықтары бар;
- мінез-құлқында бұзылыстары бар, өзімен-өзі отырып айқайлайтын, жылайтын, жанындағы балаларға кедергі келтіретін, дәптер, оқулықты жыртатын, мұғалімге кедергі келтіретін (сөзін қайталап, жанына жақындаса ұрып, заттарын ақтарып т.б.), түкіретін, терезеге, үстел үстіне секіретін, партаның астына кріп жатып алатын т.с.с ерсі қылықтары бар.
Осы аталған балаларды мектеп ережесіне, сынып тәртібіне бейімдейтін, оқу үрдісіне қатысу дағдыларын үйрететін адамның болғаны қажет. Міне осы жұмысты педагог-ассистент атқарады.
Егер баланың мінез-құлқында айқын бұзылыстары болмаса, тек оқу үрдісінде проблема болса, онда педагог-асситент бірден баламен сыныпқа кіріп отырады. Ал егер балада мінез-құлық бұзылыстары болатын болса, бірден сыныпқа кіруге болмайды. Баламен жеке жұмыс жүргізіп алған жөн. Ол жұмыс психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде жүргізіледі. Бұл жағдайда ең алдымен баламен қарым-қатынас орнатып алу маңызды. Педагог-ассистенттің нұсқауларын, оның үйреткен тәртіп ережелерін орындау. Оның ескертулерін құлақ түріп тыңдай білуге және ұсынған тапсырмаларын қабылдап, орындай білуге үйренуі тиіс. Өйткені жеке сабақта педагог-ассистентпен үйренген дағдыларын бала жалпы сыныпта қолдана білуі керек.
Педагог-ассистент балаға тәртіп ережелерін құрастырады. Сабақта отыру тәртібі, мектеп ішінде жүру, балалардың ортасында өзін ұстау ережелерін балаға күнделікті айтып, визуалда түрде көрсетіп отыру арқылы оның бойына сіңіру қажет. Ереже міндетті түрде күнде оқылады, айтылады. Осылайша бала мектептегі тәртіпті ұстануға дағдыланады.
Ережелерді орындауға машықтана бастаған баланы біртіндеп сыныпқа апаруға болады және жеке сабақта үйренген ережелерді сыныпта көрсетуін педагог-ассистент қадағалайды.
Педагог-ассистенттің ендігі мақсаты бала мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты орнату. Өйткені педагог-ассистент оқушының жанында уақытша жүрген көмекші. Ол баланың сыныпта өз бетімен отыруына, сынып жұмыстарына өз бетімен қатыса алуына, мұғалімді тыңдап, оның көмегін, мадағын қабылдай білді үйренуіне барынша күш жұмсауы керек. Оның басты мақсаты - балаға керексіз болып қалу.
Жалпы сынып жағдайында арнайы әдістерді қолдануға болады. Олар – «кіші қадамдар», заттық қызмет пен көрнекі құралдарға, «сөйлеу тілін жандандыру», заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдыға қарай жылжу», меңгергенді үзбей қайталау, меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. Бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді.
Педагог-ассистенттің міндеттерінің бірі - мұғалімге баланы қабылдауға көмектесу.
Мұғалім бұрын соңды бұндай баламен жұмыс жасап көрмегендіктен бойында қорқыныш, үрей, абыржу сынды сезімге түседі. Сол сәтте жанына қолдау көрсететін, бағыт-бағдар беретін немесе бірлесе отырып мәселені шешетін адам табылса, көңілі орнына түсіп, қорқынышы сейіле түсетіні анық. Педагог-ассистент мұғалімге алдын ала сабақтан бұрын немесе жұмыс соңында келіп, алдын ала келер сабақтың жоспарын, тақырыбын, қолданылатын құралдар мен тапсырмаларды талқылайды. Ондағы мақсат балаға берілетін ақпаратты өзгерту, жеңілдету, қысқарту.
Психолог атағандай, педагог-ассистент сабақ барысында балаға көмектесе отырып, үнемі баламен мұғалім арасын байланыстырып отырады. Мұғалімге баланың жауап беруге дайын екенін немесе тапсырмасын аяқтағанын ыммен білдіріп, мұғалімнің жанына келіп баланың жұмысын көруін қадағалайды. 
Мұғалім міндетті түрде сабақ барысында ерекше білімді қажет ететін балаға кем дегенде екі рет назар аударып, оны тапсырманы жақсы орындағаны үшін, тіпті болмаса жақсы отырғаны үшін мадақтап отыруы қажет. Сол арқылы баланың сабақ оқуға деген, сыныптастарының ортасында отыруға деген ынтасын еселей түседі.

]]>
Педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру - инклюзивті білім беру процесінің жалпы құрылымындағы ажырамас құрамдас бөлігі. Педагог-ассистенттің негізгі қызметтік міндеті - оқу процесінде баланы қолдау, оған оқу бағдарламасын меңгеруде балаға көмектесу, сонымен қатар ЕБҚ бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімге көмектесу жатады. 

admin Thu, 25 Apr 2024 18:53:57 +0600
2-сәуір - Аутизм туралы ақпарат күні http://180.alschool.kz/main/1751-2-sur-autizm-turaly-aparat-kn.html http://180.alschool.kz/main/1751-2-sur-autizm-turaly-aparat-kn.html  «2-сәуір - Аутизм туралы ақпарат күні» 7 сынып оқушыларына видео роликтер көрсетіп ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Сынып оқушыларына «Кірпі ертегісі» көрсетіліп, білім алушылармен талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім алушылардан кері байланыс алынып, «Аутизм» терминіне түсінік беріліп сыныптарында оқып жатқан сыныптастарына мейірімділікпен, кішіпейілділікпен, жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарауға шақырып тәрбиелі бағыт бағдар берілді.

]]>
admin Tue, 02 Apr 2024 17:30:49 +0600
«INCLUSION» стендін таныстыру http://180.alschool.kz/main/1750-inclusion-stendn-tanystyru.html http://180.alschool.kz/main/1750-inclusion-stendn-tanystyru.html «INCLUSION» стенді баланың дамуы бойынша күмәні және сұрақтары бар ата-аналар, сондай – ақ ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балаларды тәрбиелеп ата-аналарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында «Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін білім алушылардың ата-аналарына логопед-дефектолог маман Киршибаева Бейбиткуль Адильгазиновна  «INCLUSION» стендін таныстырып, ақпараттар берді. 
 
]]>
admin Mon, 01 Apr 2024 17:26:19 +0600
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандарға арналған аудандық семинар http://180.alschool.kz/inkljuzija/1749-psihologijaly-pedagogikaly-oldau-krsetetn-mamandara-arnalan-audandy-seminar.html http://180.alschool.kz/inkljuzija/1749-psihologijaly-pedagogikaly-oldau-krsetetn-mamandara-arnalan-audandy-seminar.html Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін  мамандарға арналған аудандық семинар

]]>
       2024 жылдың 18 наурыз күні лматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарына арналған «Психологиялық педагогикалық қолдау көрсететін  мамандарға арналған аудандық семинар» өткізілді.

       Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері А.Б.Смагулова ерекше білім алуды қажет ететін білім алушылармен жұмыс жүргізіп отырған психологиялық-педагогикалық  қолдау мамандарының жұмыс мен еңбектері туралы айтып өтті. 

      Мектеп директоры  Л.Б.Дәулетбек мектепте жүргізіліп отырған жұмыс барысы мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының білім алушылармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде екі оқушы денсаулығы түзеліп, толық сынып оқушылар қатарына өткендігімен тағы да бір құттықтап өтті. 

         Директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары ППҚК үйлестірушісі К. Нұрланқызы Инклюзивті білім беру жұмысын бақылау кезеңінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілермен таныстырды. Мектеп бойынша ерекше білім алуды қажет ететін 10 оқушымен логопед-фефектолог – 1, педагог-асистент – 1, педагог-психолог – 1 мамандардың сынып жетекшілер мен ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Пән мұғалімдерінің жұмыс мазмұнын анықтайтын құжаттарымен таныстырды. 

Жаратылыстану пәні мұғалімі:Толекова Д.Д «Білім берудегі педагогикалық дизайн» тақырыбында пән мұғалімдерінің ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен саралап оқытуды ұйымдастыру жолдарын түсіндірді. Оқу әрекетінде  алған білімін көрсетудің түрлі құралдары: оқушыларға өз білімін көрсетудің бірнеше тәсілін ұсындыСонымен қатар, Special-edu.kz платформасын қолдану арқылы ерекше білім алушыларға қолданылатын оқу-әдістемелік құралдармен таныстырды. 

        Бастауыш мұғалімі:  Жұмабек А.Д  «Бастауыш сыныптағы білім алушылардың жеке бағдарлама бойынша жүргізілетін жұмыстары» тақырыбында пән мұғалімдеріне Ерекше білімді қажет ететін  білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламасы (бастапқы білім) №51 БҰЙРЫҚ    негізінде  special-edu.kz  сайтында   көрсетілген  оқулықтармен және сол жердегі мұғалімдерге берілген әдістемелік нұсқаулықты пайдалана отырып, күнтізбелік жоспарын құрастырып, күнтізбелік жоспар негізінде қмж жоспарын құрастыру қажет.

        Мәселен, менің сыныбымда ерекше білім алуды қажет ететін оқушымен логопед, психолог, пән мұғалімдері   бірлесе жұмыс жасаймыз. Қазақ тілінде 42 әріп болса, 10 әріпті толық таниды және  өзінің толық аты-жөнін жаза алады,  сол аты-жөніндегі әріптерді нақты жазып, дауысты дауыссызға ажырата алады. Қалған әріптерді есте сақтау қабілеті бойынша ақырындап меңгеріп келе жатырмыз. Ол үшін күнделікті әріптерді қайталаймыз,  әріптерді бастырып жазамыз жәнеде суреттірді пайдалана отырып ауызша сөйлем құраймыз. 

        Логопедпен психологпен тапсырмаларды орындау барысында да өте белсенді. Жүргізілген жұмыс нәтижелерімен оқулардың ата-аналарын үнемі хабардар етіп отырамыз, сабаққа келіп қатысады.

        Қорыта айтқанда  біз пән мұғалімдері 2а, 2б , 3а формаларын  сынып жетекші ретінде әр тоқсан сайын толтырамыз. Егер көрсетілген белгі әлсіз көрінсе 1 балмен, егер белгілі елеулі дәрежеде көрінсе 2 балмен, кестеде сипатталған мінез-құлық сипаттамасы байқалмаса бол қалдыратынымызды білесіздер. Жыл басынан  салысытырып қарағанда  Саянда алға ілгерлеушілік бар жыл басында 39 бал болса, 3-тоқсанда 36 балға түсті.

Педагог-психолог Қанаш Н.Т : Блум таксономиясын тиімді пайдалана отырып, зияты жеңіл зақымдалған білім алушыны қалыпты білім алушылардың қатарын қосу мақсатында «Зияты жеңіл зақымдалған білім алушылардың танымдық процестерән дамыту» жолдары бойынша практикалық жолмен түсіндірме беріп өтті. Сонымен қатар жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылармен жұмыс нәтижелі болады егер:

Кәсіби бабамыздың құзыреттілікті анықталған дамыту , сүйегі дамуы қаңқа сүйектеріне қалыпты  арнайы балалар мен  антропологиялық дамуы зерттеулер бұзылған жүргізілгені балаларды олардың көптеген бірлестіріп нәтижелері оқытуда бірлескен нақтылы қызметінің кестелер, дербестендірілген суреттер және арқылы үздіксіз жүйеленіп процесі беріледі. 

  • Сонымен ретінде қатар ұйымдастырылса.
  • Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылармен тұрақты түрде жұмыс жасалынса.
  • Жұмыс барысында жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыны, жұмыс процесіне қызықтыра алса деген  гипотезасы айтылды.

       Қол моторикасын дамытудың жаңаша қарандаш тәсілі көрсетіліп, зейінін шоғырландыру бойынша жұмыстар көрсетілді. 

  Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен “Мен өз қалауыма тапсырыс беремін” Арт терапиясын ұйымдастырды. Арт-терапия барысында 2 топқа бөлініп, сезімдерін сурет арқылы жеткізе алды. 2 топ “фольга әдісі” арқылы жанына жақын адамына сыйлық жасап, сыйлық арқылы ішкі сезімдерімен бөлісті. Топ арасында бір-біріне деген эмпатиялық қарым-қатынас орнай алды. Арт-терапия кезінде ерекше күйге бөленгендерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін танытты.

Логопед-дефектолог маман Б.А.Киршибаева мамандарға дыбыстарды қою тәсілдерін практикалық жолмен көрсетті. 

Қорытындылай келе   психологиялық  педагогикалық қолдауды  қажет ететін білім  алушылар 7 «ә» сынып білім алушысы Қожағұл Мейірбек «Менің досым», 8 «в» сынып білім алушысы Жүндібай Жания «Тігінші»  әнімен өз   шығармашылығын көрсетті. 

    Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары ұжымға, мамандарға ерекше алғысын айтып, көптеген мағлұмат алғандарын жеткізді.  Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері А.Б.Смагулова семинарды ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізгені үшін педагог мамандарды Алатау ауданы Білім бөлімінің грамотасымен марапаттады.

]]>
admin Mon, 18 Mar 2024 14:05:25 +0600
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР http://180.alschool.kz/inkljuzija/1692-normativtk-zhattar.html http://180.alschool.kz/inkljuzija/1692-normativtk-zhattar.html
]]>
admin Mon, 18 Mar 2024 09:17:36 +0600
"Айналайын" фестивалі http://180.alschool.kz/o-detskom-sade/roditelyam/1682-ajnalajyn-festival.html http://180.alschool.kz/o-detskom-sade/roditelyam/1682-ajnalajyn-festival.html Тусупхан Саян,  Жүндібай  Жания  алғыс  хатқа  ие  болды.

]]>
Тусупхан Саян,  Жүндібай  Жания  алғыс  хатқа  ие  болды.

]]>
admin Thu, 14 Mar 2024 18:46:41 +0600
"Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы" бұйрығы http://180.alschool.kz/inkljuzija/1666-psihologijaly-pedagogikaly-oldau-salasynday-zherglkt-atarushy-organdar-krsetetn-memlekettk-krsetletn-yzmetterd-krsetu-trtbn-bektu.html http://180.alschool.kz/inkljuzija/1666-psihologijaly-pedagogikaly-oldau-salasynday-zherglkt-atarushy-organdar-krsetetn-memlekettk-krsetletn-yzmetterd-krsetu-trtbn-bektu.html ]]> admin Mon, 11 Mar 2024 11:40:52 +0600 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы http://180.alschool.kz/inkljuzija/1613-blm-turaly-memlekettk-lgdeg-zhattardy-trler-men-nysandaryn-zhne-olardy-beru-aidalaryn-bektu-turaly.html http://180.alschool.kz/inkljuzija/1613-blm-turaly-memlekettk-lgdeg-zhattardy-trler-men-nysandaryn-zhne-olardy-beru-aidalaryn-bektu-turaly.html Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы

]]>
]]> admin Mon, 04 Mar 2024 14:40:47 +0600
«Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру» тақырыбында өткізілген ата-аналарға арналған ашық сабақ http://180.alschool.kz/main/1752-ou-zhne-zhazu-dadylaryny-alysharttaryn-alyptastyru-tayrybynda-tkzlgen-ata-analara-arnalan-ashy-saba.html http://180.alschool.kz/main/1752-ou-zhne-zhazu-dadylaryny-alysharttaryn-alyptastyru-tayrybynda-tkzlgen-ata-analara-arnalan-ashy-saba.html Логопедтің жүргізетін айлық жұмыс жоспарына сәйкес «Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру»  тақырыбында ата-аналарға арналған ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа ПМПК анықтамасының  қорытындысына сәйкес жеке оқу бағдарламасы және жеңіл зерде бұзылысы бар балаларға арналған оқу бағдарламасымен оқылатын төмендегі білім алушылар қатысты:

5 «б» сынып білім алушысы Тусупхан Саян

5 «б» сынып білім алушысы – Оспан  Ерасыл Дауренұлы

7 «ә» сынып білім алушысы –Қожағұл  Мейірбек   Берікханұлы 

7 «в» сынып білім алушысы –Қасен  Нұрсылтан   Телмұхаметұлы

8 «в» сынып білім алушысы –Жүндібай  Жания  Жәнібкқызы

 2 «Ж» сынып жетекшісі - Жұмабек Ақбөпе, 8 «В» сынып жетекшісі - Мергенбаева  Т.Б, ППҚ -  білім алушыларының ата-аналары  қатысты.

Ашық сабақ мақсаты: ППҚ білім алушылардың

  • Көру гнозисін, талдау мен жинақтауын дамыту;
  • Сөйлеу – көру функцияларын дамыту;
  • Оптикалық - кеңістіктік гнозис пен праксисті дамыту;
  • Көріп есте сақтауын және естіп есте сақтауын дамыту;
  • Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма
  • Оқу және жазу процесіне қатысатын танымдық аймақтарды дамыту.

         Ашық сабақ сыныпта психологиялық ахуал орнатылудан басталды Логопедпен бірге қайталайды (қолындағы жүректі келесі оқушыға береді). «Жүрек жылуы».  «Мен сені жақсы көремін, Жүрегімнің жылуын, Мен саған беремін» деп айтып бір біріне жүрекшелерді таратады.

             Сергіту сәтінде балалар: «Мен ауылға барамын» әнін орындады.

Практикалық бөлімінде білім алушылармен топтық және жұптық жұмыстар жүргізілді. Жұптық жұмыстар ретінде келесі тапсырмалар ұсынылды:

  • Суретте бейнеленген әріптерді денеңмен көрсет;
  •  Суретте бейнеленген әріптерді жылдам тап;
  • Шаршы, шеңбер, тік төрт бұрыш, үшбұрыш пішіндерін жіп арқылы жасау және т.б. 
     Ата-аналар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Дөңгелекшелерді түсіне қарай сәйкестендір» ойыны арқылы аяқталды. «Жылы жүрек» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді, ашық сабақ жұмысы қорытындыланып, қосымша үлестірмелі материалдар таратылды. 

]]>
]]> admin Wed, 21 Feb 2024 17:35:50 +0600
Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру http://180.alschool.kz/inkljuzija/1679-ou-zhne-zhazu-dadylaryny-alysharttaryn-alyptastyru.html http://180.alschool.kz/inkljuzija/1679-ou-zhne-zhazu-dadylaryny-alysharttaryn-alyptastyru.html «Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру»  ашық сабақ 

]]>
 
2024 жылдың 21 ақпан күні психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін білім алушылармен «Оқу және жазу дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін білім алушылардың:

Көру гнозисін, талдау мен жинақтауын дамыту;

Сөйлеу – көру функцияларын дамыту;

Оптикалық - кеңістіктік гнозис пен праксисті дамыту;

Көріп есте сақтауын және естіп есте сақтауын дамыту;

Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма

Оқу және жазу процесіне қатысатын танымдық аймақтарды дамыту.

      Сабақ «Жүрек жылуы» деп аталатын психологиялық ахуал орнатылудан басталды. 

Сергіту сәтінде балалар: «Мен ауылға барамын» әнін орындады.

Практикалық бөлімінде білім алушылармен топтық және жұптық жұмыстар жүргізілді. Жұптық жұмыстар ретінде келесі тапсырмалар ұсынылды:

Суретте бейнеленген әріптерді денеңмен көрсет;

 Суретте бейнеленген әріптерді жылдам тап;

Шаршы, шеңбер, тік төрт бұрыш, үшбұрыш пішіндерін жіп арқылы жасау және т.б.

Үйге тапсырма берілді. Суретті сызық бойымен қолын алмай аяқтап шығып, бояу қажет.

    Ата-аналар арасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «Дөңгелекшелерді түсіне қарай сәйкестендір» ойыны арқылы аяқталдыТүзетудің түрлі әдіс-тәсілдерін ата-аналар тәжірибе  жүзінде меңгерді.

    «Жылы жүрек» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді, ашық сабақ жұмысы қорытындыланып, қосымша үлестірмелі материалдар таратылды. 

]]>
admin Wed, 21 Feb 2024 14:27:29 +0600