Біріңғай "Адалдық сағаты" өткізілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Біріңғай "Адалдық сағаты" өткізілді.
12
қыркүйек
2023

Біріңғай "Адалдық сағаты" өткізілді.

2023 жылы 12 қыркүйек күні оқушылардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, шыншылдық қасиеттерін сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында  №180 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сыныптар аралығында «Адалдық сағаты» атты бірыңғай сынып сағаттары болып өтті. Оқушының жақсы баға алу үшін ұстазына ұсынған ақшасы – пара, байқауда жеңіске жету үшін ұсынылған ақша, сыйлық – пара, заңсыз медициналық анықтама алу үшін ұсынылған сыйлық- пара саналатыны, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша пара беруші де, алушы да қылмыс бұзған болып саналатындығы,  Заң талаптарына сәйкес жазалануы, 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойғандығы, Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдағандығы туралы мәселелер сөз болды. 9-11 сынып жетекшілері Б.Даусова, А.Сулейменова, А.Хасенова оқушыларға   сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,   заңнамаларды өмірде қолдана білу бойынша түсінік беріп, оқушылардың жемқорлыққа деген көзқарастарын білу мақсатында постерлер қорғалы, ситуациялық жағдаяттар берілді және    таза және адал еңбек етуге шақырды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: