«БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ » атты 7-8 сынып оқушыларының ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ » атты 7-8 сынып оқушыларының ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
04
сәуір
2022

«БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ » атты 7-8 сынып оқушыларының ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

№ 180 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні бірлестігі мен мектеп директоры Дәулетбек Ләззәт Байшымырқызының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 02 сәуір күні «БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ » атты 7-8 сынып оқушыларының ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел мақсаты:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер
1. Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолында» атты ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың жолдауы.
2. Бүгінгі таңдағы педагог мәртебесі.
3. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
4. «Отбасындағы әкенің рөлі»
Дөңгелек үстел барысында оқушылардың ата-аналар өз белсенділіктерін көрсетіп, төмендегідей ұсыныстарын айтты:
1. Сабақ уақытында балаларға ұялы телефонды шектеу
2. Мұғаліммен ата-ана қарым қатынасын нығайту
3. Мектеп формасына талапты күшейту
4. Қыздардың сырт келбеті (Қыздардың боянуы, қысқа юбка) талапқа- сай болуын қадағалау
5. Мектепте әр тоқсан сайын ашық-есік күнін жоспарлау
6. Балаларды еңбекке жұмылдыру
7. Ата-аналар балалардың бос уақытын шектеу
8. Ата-ана балаға көңіл бөлу отырып, араласатын ортасын анықтау
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп дөңгелек үстел аяқталды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: